Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында музыканы оқыту мазмұны және әдістемесі»

19.01.2015 pdf_icon 902 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

       «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның  филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» базасында 2015 жылғы 5-16 қаңтар аралығында теориялық пәндер және фортепиано оқытушыларына арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында музыканы оқыту мазмұны және әдістемесі» тақырыбы бойынша курс өтті.

         Аталған курстың мақсаты - білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие үдерісінің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерудегі музыкалық мектеп және колледж оқытушыларының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, жаңа әдістемелерін қолдану.

         Негізгі дәріскерлер Ақмола облысы бойынша біліктілік арттыру институтының кафедра оқытушылары және шақырылған дәріскерлер: Қазақ ұлттық өнер университетінің дәріскерлері доцент Л.А.Латышова., өнертану бойынша профессор Р.С. Малдыбаева болды.

         Аталған курс шеңберінде лекциялық, практикалық сабақтар, мектеп және колледж оқытушыларының жұмыс тәжірибелерін жалпылау, фортепиано бойынша авторлық жинақтарды таныстырулар өткізілді.

         Қорытынды курстық жұмыс – топтық жоба жұмысы болды, сондай-ақ Біржан Сал атындағы музыкалық колледж базасында курс тыңдаушылары өздерінің теориялық және практикалық білімдерін көрсетті.