Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Художественное моделирование и дизайн как основа формирования технологической культуры учителя» тақырыындағы технология пәні мұғалімдерінің КТС

29.01.2015 pdf_icon 1065 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 22 қаңтарында «Художественное моделирование и дизайн как основа формирования технологической культуры учителя» тақырыбындағы курс тыңдаушылары технология пәнінің мұғалімдері Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №7 мектеп-гимназиясында өткен көшпелі тәжірибелік сабаққа қатысты. Көшпелі тәжірибелік сабақ барысында бейнелеу өнері және сызу пәні мен технология пәнінің мұғалімдері Т.И.Гыстарова мен В.В.Ройдың жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасты.

Мектеп-гимназияға барудағы мақсат: бейнелеу өнері және сызу, технология пәндерін оқыту үдерісін практикасымен таныстыру.

Курсанттарды мектеп директоры қарсы алды. Дирекор Исеева Наталья Ивановна мектепөгимнзияның алдына қойған міндеттері мен мектеп ерекшеліктерімен, оқу сыныптарының құрал-жабдықтары мен техникалық жабдықталуымен таныстырды.

 

Мектептегі КТС барысында үш сабақ өткізілді: «Сечения» және «Разрезы» тақырыптарында жәндіктер түрлерінің ерекшеліктерін құрастыру. Құмырсқа, шегіртке, көбелек және т.б.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Гыстарова Татьяна Ивановна өзінің «Новое видение систематизации содержания обучения исследованию конструктивных особенностей объектов и предметов в искусстве» тақырыбындағы шығармашылық жұмыс жоспарымен таныстырды.  Қазіргі білім беру кеңістігіндегі бейнелеу өнерінің проблемаларын және оның шешу жолдарын сипаттап  айтып өтті. Технология және Бейнелеу өнері пәні мұғалімдерімен әріптестік жұмыс нұсқаларын көрсетті.

 

Бейнелеу өнері және сызу пәндері бойынша қатысқан сабақтарды талқылау кезінде тыңдаушылар көшпелі тәжіибелік сабақтардың маңыздылығын атап өтті. Мұндай сабақтар озық тәжірибелі ұстаздарың іс-тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді.

«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы филиалы 

Топ кураторы және КТС жетекшісі    К.С. Таукебаева