Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Талдау-ақиқатқа алып барар жол

03.02.2015 pdf_icon 766 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «PISA халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындаудағы мұғалімнің ролі» атты  дөңгелек үстел өтті. 

«PISA халықаралық  зерттеуі  оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының сапасын  жоғарылатудың негізгі бағдары»; «Халықаралық  PISA зерттеуіне оқушыларды дайындауда  белсенді оқыту стратегияларының  ролі»; «PISA типті тапсырмаларды  даярлауда  пәнаралық байланыстарды пайдалану»; «Ғылыми-жаратылыстану идеяларының принциптерін  есепке алып, тесттік тапсырмаларды құрастыру және пайдалану», сияқты өзекті   мәселелер анықталды.

Сұрақтарды талдау кезінде  мұғалімдер  оқушыларды халықаралық  PISA зерттеуіне  дайындау бойынша пікірлері мен идеялармен алмасты.  Мұғалімдер өздері құрастырған PISA типті тапсырмаларды  көрсетіп, құрастыру әдістерімен  таныстырды.

 

Бұл іс-шара  химия пәнінің мұғалімдеріне  ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын құрайтын  құзыреттілігімен алдымен мұғалімнің өзі ие болу қажеттілігін  түсінуге көмектесті.  Тек осы жағдайда ол тапсырмаларды қолданып, өзі де құрастыратын болады.

Дөңгелек үстелдің модераторы  оқушылардың   оқу жетістігін  бағалаудың PISA халықаралық бағдарламасының тренері Рысбекова А.А. болды.