Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Біліктілікті арттырудың өзекті мәселелері

10.02.2015 pdf_icon 721 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

 «Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-нда аудандық және қалалық әкімдіктердің білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері үшін «Біліктілікті арттыру курстарының  тиімділік бағдарламаларын енгізу» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Семинар аясында филиалдың көрсететін білім қызметтерінің сапасын арттыру мәселесі көтерілді; білім беру ұйымдарында білім сапасына біліктілікті арттыру жүйесі қызметінің ықпалын бағалау механизмін жетілдіру.

 

Облыстағы білім беру жүйесі алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі, заманауи өзгеріп жатқан әлемде орынды, тиімді, дәл әрекет ететін, шешімді жауапты қабылдайтын, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес дамудың жеке траекториясын таңдайтын маманды даярлауға қайта бағыттау болып табылады. Сондықтан семинар қатысушыларының белсенді талқылауының заты біліктілікті арттыру курстарының  тиімділік бағдарламаларын енгізу; курсаралық мерзімде педагогтың үздіксіз кәсіби даму картасы; курстыңдаушысының портфолиосы болды.

 

         Филиалдың  желілік қауымдастығында тәжірибе алмасу мен әдістемелік кабинеттер арасында тығыз байланыс мақсатында  өзекті кәсіби мәселелерді интерактвті режимді талқылауға мүмкіндік беретін «Әдіскер» тобы құрылды.