Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Менің жылдарым –менің байлығым…»

03.10.2013 pdf_icon 908 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

1 қазан «Қарт адамдар күні» мерекесінде «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы «СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында педагог еңбегінің ардагерлерін құттықтау кеші болып өтті. Институттың акт залына 130 артық адам жиналды, Петропавл қаласының, облыстық мекемелердің, Мамлют ауданының педагогикалық еңбек ардагерлері және біліктілікті арттыру институтынан зейнетке шыққан қарттар. Мереке ұйымдастырушылары атағандай -«Парасатты адам» мейрамына арналған салтанатты жиналыс Мұғалімдер күні кәсіби мереке қарсаңында болып өтті. Содан басқа, облыстағы барлық ұстаздар үшін маңызды институттың 65 жылдық мерейтойы да алыс кетпеді, және осы оқиғалар «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ қалыптасқанының бір жылдығымен байланысты. Іс-шара мақсаттары:       

 

  • қарт жастағы адамдардың тәуелсіздігін, қоғам өміріне қатысуын, ішкі потенциалын іске асыру үшін және олардың құндылықтарын қолдау үшін жағдай қамтамасыз ету;
  • мұғалімдердің қоғамда беделін қолдау;
  • Қала және облыс мұғалімдері арасында біліктілікті арттыру жүйесінің беделін қолдау;

Қазақ КСР әртісі Надежда Косыгинаның, әнші Евгений Щербаков, Тимур Айткожинның қатысуымен «Беташар» ҚҚ мерекелік концерт дайындалды және өткізілді. «Мағжан көктемі» Республикалық байқауының дипломанты Теңдік Құлмағанбетованың орындауын қонақтар үлкен алғыспен қарсы алды (өлең М.Жұмабаевтың сөзіне, әні автордікі). Іс-шара қонақтары Яна Богованың концерттік бағдарламасы, «Экспром» би тобының орындауларын да жылы қарсы алды.

 

Арнайы осы күнге «Білім: кеше, бүгін, ертең» әдістемелік көрмесі дайындалды, «Өрлеу» бір жылдығына және институттың 65 жылдығына арналған фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. «…Мұғалім мектептің жүрегі» облыстық фото байқауында қонақтар қазылар алқасы ретінде қатыса алды.

 

Мерекелік концерт аяқталғаннан кейін қонақтар дастархан басына шақырылды, олар отырыста институттағы бірлесіп жұмыс істеген жылдарын еске алды, институт басшылығына алғыстарын білдірді, жұмыс істейтін жастарға тілектерін айтты.

Қонақтарға естелік сыйлықтар тапсырылды.