Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты қолдау

18.02.2015 pdf_icon 793 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

 2015 жылы 17 ақпанда «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Қазақстан халқы Ассмблеясы кеңесінің Президент сайлауын өткізу туралы  ұсынысына қолдау білдіру мақсатында арнайы мәжіліс  өткізді. Мәжілістің ашылу салтанатында Институт директоры Р.Б.Ахмедова:  «Қазір әлемде түрлі жағдайлар белең алуда. Осындай геосаяси және экономикалық қиындықтардан шығу үшін елімізде Президенттік сайлауды өткізу – уақыт талабы. 

Тәуелсіздіктің негізін қалаушы Елбасының егемен мемлекетті қалыптастыру ісіндегі табысты бастамаларының арқасында еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Президент  танымы терең, түйсігі жоғары саналы ұрпақты дұрыс қалыптастыру мақсатында білім беру жүйесіне  үздіксіз қолдау көрсетіп келеді. Білім және ғылым министрлігіндегі Жаңа форматтағы мұғалім тұлғасын қалыптастыру барысындағы ізгі шаралар мен маңызды бағдарламалардың жүзеге асырылуы да Елбасының назарында.

 

 Биылғы жылы  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Конститутцияның 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы. Осындай тарихи  тағылымы мол елде Бейбітшілік пен ұлтаралық достық қатынасты дамытуды көздейтін  Президент сайлауын өткізу маңызды. Себебі, әлемдік деңгейде тәжірибе жинақтаған, сындарлы сәтте дұрыс шешім қабылдап, қателікке бой алдырмайтын Президентті сайлау – ел тыныштығын сақтап, экономикамыздың дамуына бастайды», – деп өз пікірін білдірді.

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Н.Р.Көшеков: «Тәуелсіз ел ұрпағының үлкен жетістіктерге жетуі, жастарымыздың заманауи талаптарға сәйкес білім алуы  Президент қолдауымен көркейіп келеді. «Болашақ» бағдарламасының арқасында Қазақстанның жігерлі жастары шетелде білім алуда. Іскер, ойлаған мақсатына қайсарлықпен ұмтылатын жігерлі жастарды қалыптастыруға Елбасы ерекше қолдау көрсетіп отыр. Бұл елбасының көреген саясатының бір қыры ғана. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің еңбегі тағылымға толы. Бүгінгі таңда ел бірлігі мен экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Президент сайлауын өткізу өте қажет. Өйткені Республика жағдайын, әлем тынысын Елбасы жақсы біледі, және өз елінің тыныштығын сақтап, жетістігін арттыру үшін аянбайды», – деген пікірін білдірді. 

 

Сонымен қатар Институт қызметкері де жиналыс барысында Елбасының көшбасшылық рөліне тоқталып, Президент сайлауын өткізудің уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік екендігіне жан-жақты тоқталып, қолдау көрсетті.

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы 

Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ

 Редакциялық-баспа қызметі