Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО ПҚБАИ 1 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Өрлеу-білімнің биігіне, ілімнің тереңіне» апталығы аясында «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

04.10.2013 pdf_icon 1681 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

      2013 жылдың 2-9 қазан аралығында «Өрлеу» біліктілік арттыру Ұлттық орталығының бір жылдық мерей тойы және Мұғалімдер күніне арналған ОҚО бойынша ПҚБАИ-да «Өрлеу» - білімнің биігіне, ілімнің тереңіне» тақырыбында апталық жоспарланды. Осы апталық аясында «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасы 2-ші қазан күні «Ашық есік күнін» өткізді. Бұл іс-шара таңертең кафедраның курстық және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының көрмесінен басталды. Мұнда кафедра қызметкерлерінің бір жыл ішінде институттың Ғылыми кеңесімен бекітілген мектеп басшыларына арналған әдістемелік құралдары, нұсқаулықтары, ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарына, «Өрлеу-Шымкент» журналына енген мақалалары көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар кафедраның ең үздік курс бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендері, курс портфолиолары, кафедра тарапынан өткізілген семинар-байқаулардың материалдары көрсетілді.

Келесі кезекте кафедра қызметкерлері төмендегі тақырыптарда ашық сабақтар өткізді: «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау» (Есімханова Р.), «Білім беру ұйымдарының девианттық мінез-құлықты оқушыларымен жұмыс жүргізу моделі» (Панова А.), «Жас мамандармен жұмыс» (Пердебаева Р.), «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы білім берудің басым бағыттары» (Сағынтаев Қ.). Бұл сабақтар кейс-стади, тренинг, пікірталас, шағын топтардағы жұмыс, яғни оқытудың интербелсенді формаларында өткізілді. Ашық сабақтар керуені курс тыңдаушыларының жоба қорғауымен жалғастырылды. Бұл іс-шара барысында мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мектептегі тәрбие жұмысы жүйесінің түрлі модельдерін қорғады (топ жетекшісі Дауылбаева Р.).

«Ашық есік күні» соңында институт қызметкерлері мен курс тыңдаушыларына өнер саласындағы түрлі байқаулардың лауреаттарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Концерт кафедра қызметкерлерінің орындауында «Өрлеуге» арнау» әнімен аяқталды. Арнау авторы – кафедраның аға оқытушысы Қ.Сағынтаев.

«Өрлеуге арнау»

Мереке күн, ашық аспан, күз күліп,

Жүректерге құйылып тұр ізгілік.

Ұстаздардың арттыратын білігін,

Біздің «Өрлеу» –Асқақ арман, ізгі үміт.

Қайда жүрсек өрлейміз біз,

Биіктерге төрлейміз біз.

Ұстаздардың жүрегінде

Білім шоғын үрлейтін біз. 2 реттен

Маздап жансын шаттық күннің шырағы,

Білімде тек бақ пен бақыт тұрағы.

Ұстаздардың арқалаған алғысын,

Біздің «Өрлеу» бар білімнің бұлағы.

Қайда жүрсек өрлейміз біз,

Биіктерге төрлейміз біз.

Ұстаздардың жүрегінде

Білім шоғын үрлейтін біз. 2 реттен

 

«Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасы қызметкерлері

 

«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау»

тақырыбындағы практикалық сабақ

 

«Білім беру ұйымдарының девианттық мінез-құлықты оқушыларымен жұмыс жүргізу моделі» тақырыбындағы кейс-стади сабағы

 

«Жас мамандармен жұмыс» тренингі

 

«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы білім берудің басым бағыттары» тақырыбындағы пікірталас сабағы

 

Мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасарларының жоба қорғау сәті