Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 27 ақпанға ақпарат

27.02.2015 pdf_icon 936 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

21 ақпан 2015 жыл

Баспасөз беттерінде мақалалар жарияланды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, ф.-м.ғ.к., профессор Б.Елеусіновтің Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің №26 (18914) кезекті басылымында «Тұрақтылық пен даму кепілі» тақырыбында мақаласы жарияланды.

24 ақпан 2015 жыл

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Б.Қожамберлиевтің Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің №27 (18915) кезекті басылымында «Толеранттылық – тұрақтылықтың негізі» тақырыбында мақаласы жарияланды.

18 ақпан 2015 жыл

Біліктілік арттыру курстары – кәсіби өсудің кепілі

«Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен 16-26 ақпан аралығында физика пәні мұғалімдеріне арналған – «Физикадан сандық-виртуалдық жұмыстар: тәжірибелік көрсетілімдер, зертханалық жұмыстар және физпрактикумдарды ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде.

Курс барысында НЗМ және №9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты базасында «Физика пәнін оқытудың жаңа технологиялары бойынша сабақ үлгілері» тақырыбында көшпелі тәжірибелі сабақ өткізілді.

24 ақпан 2015 жыл

«Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен 16-26 ақпан аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған – «PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде.

Курс барысында  «Орыс тілі мен әдебиеті пәні сабағында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану жолдары мен тәсілдері» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.

25 ақпан 2015 жыл

«Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен 16-26 ақпан аралығында информатика пәні мұғалімдеріне арналған – «Информатика пәні мұғалімдерінің білім беруде контент жасау әрекеттерін ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде.

Курс барысында «Білім беру контент жасау әрекеттерін ұйымдастыру» тақырыбында конференция өткізілді.

26 ақпан 2015 жыл

«Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен 16-26 ақпан аралығында тарих пәні мұғалімдеріне арналған – «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тарих пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде.

Курс барысында №187 мектептің базасында «Тарих пәні мұғалімінің педагогикалық кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді.