Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

PISA зерттеуіне оқушыларды дайындау кезеңінде мұғалімге әдістемелік қолдау көрсетудің өзекті мәселелері

04.03.2015 pdf_icon 721 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

27 ақпанда ғылыми жаратылыстану-ғылыми, математика тобы пәнінің мұғалімдері мен филологтарға  арналған онлайн-семинар өтті.

Аймақтағы отыздан астам білім беру ұйымдарынан келген семинар қатысушыларын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директоры С.Д.Муканова құттықтады.

№76 ЖББОМ, №92 гимназия, Көкпекті ЖББОМ, Жамбыл атындағы ММИ мұғалімдері және т.б. оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы бойынша оқушыларды дайындаудың әдістемелік тәжірибесін ұсынды.  Онлайн-семинар барысында ұсынылған тақырыппен қатар білім беру ұйымдарының PISA-2015 қатысуына байланысты елуге тарта сұрақтар қойылды. Сұрақтарға PISA тренерлері Б.Н.Бигельдинова, Ж.Х.Қаирбаева, М.Б.Айткенова, Н.З.Акульбековалар жауап берді.  Олар пән мұғалімдеріне халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындау кезінде функционалдық сауаттылыққа тапсырмалар құрастыру, сабақ барысында белсенді оқыту стратегияларын пайдалану бойынша ұсыныстар берді.

Онлайн - семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға белсенді түрде қазіргі заманғы білім берудің өзекті проблемалары бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігіне алғыстарын білдірді.