Біздің филиалдар

БжҒМ сайтының информері

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

СҚО: Дүкенбай Досжан әлемі

14.09.2017 pdf_icon 10 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ инфотекасында «Дүкенбай Досжан әлемі»» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты – оқырмандарға Дүкенбай Досжанның шығармашылық өмірімен таныстыру, оның ұлттық идея, қазақ халқының дәстүрлері, тілі мен діні жайлы еңбектерімен, ол туралы жазылған еңбектермен таныстыру болды.

Дүкенбай Досжанов 1942 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Құланшы аулында туған. 1964 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУді үздік аяқтаған. «Жазушы» баспасымен шығарылған он бес кітаптың авторы, оларға: «Бірінші кітабым» (өлеңдер, 1964) «Жусан мен гүлдер» (хикаялар, әңгімелер, 1966), «Табалдырығыңа табын» (тарихи әңгімелер, 1967) «Мальчик — жокей» (әңгімелер, 1968), «Ата» (әңгімелер, 1969), «Трудный шаг» (роман 1970), «Жібек жолы» (роман, 1973), «Ұлы өзен» (роман, 1976), «Кісі ақысы» (әңгімелер, 1978). «Балалар әдебиеті» баспасында «Ардақ – табыншының ұлы» балаларға арналған әңгімелер жинағы (1977).

2002 жылдан «Мәдени мұра» – «Культурное наследие» журналының Бас редакторы болып тағайындалды.  Алғашқы өлеңі 15 жасында жарық көрген. Содан бері 11 роман, 22 хикаят, 100-дің үстінде әңгіме жазды.

Кітап көрмесінде Дүкенбай Досжановтың өмірі мен қызмет: туралы материалдар, оның шығармалары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылған. Д.Досжан еңбектері әлемнің негізгі тілдеріне аударылып және оларды 3,7 миллион аса адам оқып шықты.

Біз кітап көрмесінде Дүкенбай Досжановтың шығармашылық жолының кезеңдерін көрсетуге тырыстық және барлықтарыңызды кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

 

Қ.Әбілина,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО ПҚ БАИ

қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің

бас маманы