Біздің филиалдар

БжҒМ сайтының информері

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«Өрлеуде» бірінші рет аралас оқыту режиміндегі курстың бастамасы

14.09.2017 pdf_icon 18 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылдың  11 қыркүйек күнінен «Өрлеу» БАҰО» АҚ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» аралас оқыту тәртібіндегі («Blended learning») біліктілік арттыру курсы бастау алды.  Барлық оқу Қазақстан Республикасы  педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ұлттық порталында өтетін болады.

Курс мақсаты: елдегі педагогикалық кадрлардың біліктілік арттыру үрдісінде қашықтық білім беру технологияларын жүзеге асыру.  Педагогтердің тәжірибелік әрекеттеріне сүйеніп заманауи педагогикалық технологияларды енгізу.

Педагогикалық кадрлардың біліктілік арттыру курстарының аралас оқыту жүйесі үш кезеңнен тұрады:   күндізгі оқу, қашықтық оқу (онлайн-online) және өзіндік оқу (оффлайн – off-line).

Аралас оқу курс тәртібіндегі күндізгі оқу курсы бірінші және соңғы күні  жүргізіледі. Күндізгі кезеңнің барлық материалдары (видео, мәтіндік материалдар) тыңдаушылардың бос уақытында өзіндік оқуы үшін білім порталында жарияланады. 

Әр модульге өзіндік оқу үшін материаларда беріледі. Өзіндік жұмыстарды уақытында орындау үшін «deadline» мерзімі белгіленеді.

Әр тыңдаушыға тьютор белгіленеді, ол жоба жұмыстары немесе шағын сабақтардың таңдалып алынған ұқсас  тақырыптары бойынша 2-3 педагогтерден тұратын топтарды анықтайды  (шағын іс-шаралар). Білім порталына бағдарламалық материалдарды меңгеру мақсатында тыңдаушылар үшін ұсынылады: курс, модульдерге видео, барлық видеоларға мәтіндік материал, тақырыптарға толық мәтіндік материал, модуль мен тақырыптарға презентациялар, әдебиет тізімі, ТӨЖ үшін тапсырмалар.

Аралық тәртібіндегі оқу  Мәңгілік ел идеялары мен құныдылықтары туралы айтуға мүмкіндік береді: құрмет, серіктестік, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, еңбек және шығармашылық, өмір бойы оқу. Осы ел үшін стратегиялық маңызды  міндетті шешу жағдайында тұлғаның басты функционалдық сапалары болып саналады:   дербестік, мәселелерді шешу және шешімдерді қабылдау білігі, топта және жеке жұмыс істеу қабілеттілігі, білімді шығармашылықпен қолдану, білігі, сыни ойлау.  

 

Садыкова А.К.,

"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы

Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ 

МБОТТ кафедрасының доценті