Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу үдерісіне ертегітерапиясын енгізу

9/14/2017 pdf_icon 54 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылғы 12 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ «Білім беру үдерісін педагогикалық-психологиялық жетекшілік ету» кафедрасының аға оқытушысы, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу үдерісіне ертегітерапиясын енгізу» жобасының жетекшісі В.Ю.Кайдакова №149 бөбекжай-балабақшада эксперименттік жұмыс жоспарына орай семинар өткізді. Семинарға қала бойынша бөбекжай-балабақша тәрбиешілері мен экспериментальді алаң қызметкерлері қатысты. Тәрбиешілердің педагогикалық-психологиялық құзыреттіліктерін дамыту, жарма, құммен жұмыс жасаудың мотивациялық техникасын пайдалану арқылы құммен сабақ өткізуге сенім мен қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинардың тәлімдік маңызы мол.

Балалар агрессиясы мен ата-ана-бала арасындағы қарым-қатынасты реттеуге құмның пайдасы бар екенін экспериментальды алаңның тәрбиешілері өз тәжірибелерінен көз жеткізуде. Семинар барысында «Төбешік», «Жаңбыр» сияқты жаттығулар апробацияланса, креативтілікті дамытуда «Құмды жылжытудың 5 тәсілі», «Қолды көмудің  3 тәсілі», рапорт техникасы бойынша «Айна», «Қарсыластар», жарты шар техникасы бойынша «Дөңгелек», «Гүлдер», «Менің көршім»  жаттығулары жасалды.

Тренинг барысында экспериментке қатысушылар психотерапевтикалық және психотүзету жұмыстары бойынша «қызықты» ақпараттар алып,  қолайлы ортада  жұмыс істеуіне мүмкіндік алды. Бәрімізге белгілі, тәрбиеші – баланың тәрбиесі мен дамуына елеулі рөл атқаратынын білеміз.

Басында экспериментальды алаң балаларға психологиялық көмек көрсетуші алаң ретінде құрылса, бүгінгі таңда балаларға, сондай-ақ ата-аналарға және тәрбиешілерге үлкен қызығушылықпен жұмыс жасайтын, көмек көрсететін орталыққа  айналды.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ