Біздің филиалдар

БжҒМ сайтының информері

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Білім мен ғылымдағы Халықаралық серіктестік: шақырулар мен трендтер

14.09.2017 pdf_icon 13 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2017 жылдың  қыркүйек айының 12-14 күндері  Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Білім мен ғылымдағы Халықаралық серіктестік: шақырулар мен трендтер» тақырыбында Халықаралық ғылыми Конгресс өтуде. Қазақстан-Американдық еркін  университеті  ашылу салтанатына  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысқан университеттердің бірі. ЖОО негізгі басым бағыттарының бірі – мамандарды даярлауда ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны жетілдіру болып табылады.

2017 жылдың 13 қыркүйек күні халықаралық конгресс аясында «Білім мен ғылымдағы Халықаралық серіктестік: шақырулар мен трендтер» тақырыбында панельдік сессия форматында дөңгелек үстел өткізілді.

Екі панельдік сессия отырысында  Қазақстан, АҚШ,  Франция, Ресей елдерінің көрнекті ғалымдары қатысты. Олар: Қамқорлық Кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен (АҚШ), Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі, «Westrand» компаниясының Президенті (Франция) Казщук Брюс т.б көптеген ғалымдар  қатысты.

«Халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдастықта Қазақстан тәжірибесі» сессияның екінші панельдік отырысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ директоры, п.ғ.к. С.З.Байхонова қатысып, «ҚР педагогикалық кадрларының біліктілігін арттырудың мазмұнын өзгертуде халықаралық әріптестіктің ықпалы» атты баяндама жасады.

Сауле Зайтанқызы өз баяндамасында Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ҚР білім беру жүйесін реформалаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес БА сандық білім беру ресурстары,  адекватты әлемдік тенденциялар мен  оқу әдістемелік құралдар, көпвекторлық модульдік бағдарламаларды жасау және енгізу бойынша жүргізген жұмыстарды атап өтті. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жаңғыртудың тұжырымдамалық міндеттерін тиімді шешуге арналған адаптивтік модельден БА үздіксіз даму моделіне көшуді жүзеге асыратын   біліктілікті арттыру тәжірибесіне жаңа форматтағы курстар енгізілуде.

Аталған модельге  сәйкес сапалы өзгерістер:    

  • БА курстарының мазмұны мен форматы;
  • кадрлық потенциал;
  • институт қызметін ресурстық қамтамасыз ету. 

Халықаралық ынтымақтастық:  

- біліктілік арттыруда бәскеге қабілеттілікті көтеру; 

- инвестицияға тарту және дамыту; 

- шетелдік білім беру ұйымдарымен педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары, білім беру қызметтерін экспорттауды жүзеге асыру.

Институт Қазақстан-Американдық еркін университетімен тығыз ынтымақтастықта жұмыстар атқаруда. Жыл сайын үздіксіз білім беру бойынша бірлесе отырып «Мектеп-колледж-жоо»: мәселелері мен алғышарттары», «Үштілділікті енгізу: тәжірибе, мәселелер мен болашағы» ғылыми-тәжірибелік конференция, көптілділікті дамыту бойынша «Білім беруге үштілділікті енгізу: тәжірибе, мәселелері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп отырады.

Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ  қызметінде халықаралық әріптестік моделінің маңызды компоненті ретінде білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тәжірибелермен, ресурстармен, идеялармен, тұжырымдамалары халықаралық әріптестік моделінің  маңызды компоненті болып табылады.