Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Педагогикалық шеберлік деңгейін өзіндік жетілдіру

06.03.2015 pdf_icon 761 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 03 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасы мен Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 орта мектебімен бірлесіп пән мұғалімдеріне арналған қалалық әдістемелік семинар практикум өткізді.  

  Семинар тақырыбы: «Пән және оқыту әдісі саласында педагогикалық шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру».

Семинар жұмысының мақсаты: педагогтардың кәсіби деңгейін жетілдіру оларды шығармашылық педагогикалық ізденуге қосу.

 

Семинар барысында теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып 5 ашық сабақ, 1-шебер сынып, әдеби кеш, тәрбие сағатын өткізуде интерактивті әдіс–тәсілді қолданып оқушыларды микротоптарға бөліп, проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырып, рөлдік ойындар  жүргізілді.

 

Сабақтар үш тілде жүргізіліп сабақтың тақырыбы толық ашылды.