Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Оқытудағы жаңа үйлесімділік: диалогтік оқытуға ішкі көзқарас

10.03.2015 pdf_icon 919 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Оқытудағы жаңа үйлесімділік: диалогтік оқытуға ішкі көзқарас» атты облыстық онлайн семинар өтті. Семинарға екі жүздей Өскемен, Семей, Риддер қалалары, Аягөз, Күршім, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарынан білім беру бөлімдерінің басшылары, деңгейлік курстардың тренерлері, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері және сертификатталған мұғалімдер қатысты. Семинардың мақсаты: деңгейлік Бағдарламадағы жаңа үйлесімділікті, негізгі идеяларды енгізудегі мұғалімдердің және тренерлердің іс-тәжірибесін жүйелеу мен тарату.

Педагогтердің басқосуының негізгі идеясы келесі тұжырымдарда жинақталған:

  • Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі мен тәжірибесі оның сөйлеу мәдениетінің деңгейімен тікелей байланысты, сондықтан қазіргі жағдайда сөйлеу мәдениеті кәсіби өсуі мен дамуында негізгі міндеттің бірі болып саналуда. Оқушымен де ынтымақтастық ахуалын тудыруда педагогтің тілі мәдениетінің маңыздылығы зор.
  • Оқыту мен оқудағы жаңа үйлесімділіктің негізінде «өзара көмектесу» қағидасы жатыр – біреу үшін жасау, ойлау және шешуден аулақ болып, саналы түрде қабылдауға, оқушылардың ынтасын, қызығушылығын ояту арқылы ішкі жасырын әлеуетін ашуында жатыр. Сондықтан семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:

1.     Тіл мәдениетін қалыптастыру мен коммуникативтік дағдыларын дамытудағы педагогтің рөлі;

2.     Оқушылардың танымдылық үдерісін дамытуда диалогтің маңыздылығы;

3.     Жаңа тұрпаттағы ұстаз: полилингвиальды тұлғаны қалыптастыру мәселесі;

4.     Диалогтік оқытуда оқушылардың сыни ойлауларын дамыту;

5.     Топтық жұмыстың оқытудағы кедергілерді жоюдағы ықпалы

6.     Мұғалімнің оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартудағы рөлі;

7.     Зерттеушілік әңгіме барысында оқушының танымдылық әрекетін басқару.

Семинарда педагогтер өзара пікіралмасуда диалогтік оқытудың қажеттілігін өз тәжірибелерінде көрсетті.

 

Оқушының жақын арадағы даму аймағын ескере отырып, Блум таксономиясы негізінде сабақты құру арқылы пәнге қызығушылық өсіре отырып, шет тілін ерте жастан енгізу тәжірибесінің тиімділігін атады, ана тілін «шұбарлату», көптілді ортадағы дарынды мектептердегі мұғалімдердің мәселелері көтерілді.

Диалогтік оқыту тақырыбын талқылағанда, қызықты да сындарлы көзқарас туындады, семинарға қатысушылар оқытудың осы формасын ұйымдастыруда кезігетін мәселелерді көтерді.

Тәжірибе көрсеткендей, деңгейлік бағдарламаның идеясын енгізу, оның ішіндегі диалогтік оқыту оқушылардың белсенді білім алуларына жағдай жасайтынын көрсетті.