Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

British Council – білім, мәдениет, өнер саласындағы ынтымақтастық

12.03.2015 pdf_icon 822 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

      «Өрлеу БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен ағылшын тілі мұғалімдерін курстан кейін қолдау мақсатында Британ Кеңесінің тренері Шандецкая Н.Н. практикалық семинар өткізді. Облыстық семинарлар «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ   2015 жылдың 11,25 ақпан күндері мына тақырыптар бойынша өткізілді: «Сыныпта жазуға оқыту», »Сыныптағы подкаст және видео» Семинарлар Британ кеңесі материалдары негізінде workshop форматында өткізілді.

  Семинарға облыстан 30 ағылшын тілі мұғалімі қатысты,семинардың соңында Британдық кеңестің сертификаты тапсырылды.

Британ Кеңесі (British Council)  - Ұлыбритания және басқа елдер арасындағы білім, мәдениет,өнер саласы бойынша  ынтымақтастықты дамытуға арналған халықаралық ұйым. 110 елде 191 офисте жұмыс істейтін 7 мыңнан аса қызметкері бар.

British  Council  Қазақстанда 1994 жылдан бері Ұлыбритания мен Қазақстан халықаралық қатынастары арасында маңызды орын алады. Бірлескен жұмыста Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы серіктестік байланысты нығайту, өнер, орта - арнаулы,жоғары оқу орындарының деңгейін арттыру, ағылшын тілі дағдысын жетілдіру,емтиханға байланысты жайттарға ерекше мән берілген.