Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» атты шығармасын зерттеудің әдіснамалық аспектілері

13.03.2015 pdf_icon 1578 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесе 2015 ж.  №66 мектеп-лицейінде 11 наурыз күні «Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Семинар мақсаты - Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» атты туындысын зерттеудің әдіснамалық тәсілдерін талқылау және түсіндіру.

Семинар жұмысына Білім басқармасы әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен колледж директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп және колледж қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестік жетекшілері мен оқытушылары қатысты. Барлығы 245 педагог: 201 – мектеп мұғалімдері және 44 – колледж оқытушылары.

 

Семинар барысында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары - Дүкенбаева Зада Оразғалиқызы, Тарих факультеті, Еуразиялық зерттеулер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор және Ысқақова Гүлзира Ыдырысқызы, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, филос.ғ.к., зерттеуші-ғалымдар -  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Этномәдениет және тәрбие бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.д. Баубекова Гүлзамира Жорайқызы,  Мемлекет тарихы институтының Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Қалиев Жабай  Нұрмақұлы баяндама жасады.

 

Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайы мен «Қазақстан картасы «Атамекен» этномемориалдық кешені қызмектерлері Оспанова Әсия Әділқызы мен Жұмабаев Батырхан Елікұлы өз ойлары ортаға салды.

 

Дүйсебаева Мира Жолманқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қ. бойынша ПҚБАИ кафедрасының аға оқытушысы, Маженов Боранбай  Науанұлы мен  Шнанов Өтелбек Ризабекұлы №38 мектеп-лицейі мен №59  мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімдері және Қазығұлова Маржан Ясынқызы, Астана қаласы Гуманитарлық колледжінің оқытушысы өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Баяндама тақырыптары жан-жақты болды. Атап айтқанда, ЖОО мен ғылыми орталықтардың ғалымдары ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі Отан тарихы мәселелерін талдады, Тәуелсіздік толғауларының Отан тарихындағы маңызы мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі орнын сипаттап берді, ал ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайы мен «Қазақстан картасы «Атамекен» этномемориалдық кешенінің қызметкерлері Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі және жастардың лидерлік қасиетін қалыптастырудағы Елбасының рөлін сипаттады, мұғалімдер мен әдіскерлер - «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру жолдарын және тарих сабақтарында Н.Назарбаевтың еңбектерін оқытудың әдістемелік негіздерін ұсынды, мектеп оқулықтарында қазақ хандығының тарихын зерделеудің өзектілігін ашып берді.

Семинар қорытыныдысында келесі ұсыныстар қабылданды.

 

Білім беру ұйымдарына:

-       «Мәңгілік ел» ұлттық идеяны жүзеге асыру аясында тәрбие жұмысын жандандыру;

-       оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда тарихи тұлғаларды, қазақстандық отан сүйгіштікті, халықтың үздік дәстүрлерін үлгі ретінде алып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша жұмысты күшейту;

-       Қазақстан тәуелсіздігі құндылықтарының сақталуына бар үлесін қосу;

-       қазақ хандығының құрылуына 550 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, ҚР Конституциясына 20 жыл мерекелеріне арналған сыныптан тыс іс-шараларды өткізу.

 

ББ қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлеріне:

-       білім беру ұйымдары педагогтарына сыныптан тыс тәрбие шараларын өткізуде әдістемелік қолдау көрсету;

-       «Тәуелсіздік толғауы» туындысын оқу-тәрбие үдерісінде қолдану бойынша педагогтарға арналған әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.

 

 «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ:

-         қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдерінің қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламаларына  Елбасы Н.Назарбаевтың еңбектерін оқытуды енгізу;

-         Елбасы Н.Назарбаевтың еңбектерін зерттеу бойынша білім беру ұйымдары педагогтарына арналған курсаралық әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу.