Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Тәуелсіздік туралы сөз: Халықтың бірлігі, толеранттылығы және даналығы арқылы биік мақсатқа ұмтылу» атты семинар-тренинг

16.03.2015 pdf_icon 810 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Біздің тарихымыздың тарихи таңдауы, тәуелсіз бейбіт келісімде табысты экономикалық даму мен Қазақстанның үлкен Халықаралық беделі – Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің 23 жылында қол жеткізген жетістігіміз. Тәуелсіздік Қазақстан үшін және еліміздегі барлық халықтар үшін ұлттық өсуге, динамикалық қозғалыстың ұлттық палитрасына, қол үзген барлық құндылықтарымызды қайтаруға, барлық шектеулерді жоюға кең мүмкіндік берді.  Осыған сәйкес елімізде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді: мәдениетімізге, дәстүрімізге, ғұрпымызға, ұлттық халықтың тіліне деген көзқарас пен қарым-қатынас руханилық тұрғыда өзгерді. 

 

Елбасының «Тәуелсіздік туралы сөз» шығармасын зерделеу мен түсінуде  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының ұйымдастыруымен  2015 жылдың 4 наурызында «Тәуелсіздік туралы сөз: Халықтың бірлігі, толеранттылығы және даналығы арқылы биік мақсатқа ұмтылу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар жұмысына ғалымдар, пән мұғалімдері, білім беру басқармасының әдіскерлері қатысты. 

 

Семинар жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ директоры п.ғ.к. қаум. профессор Сыздықбаева Ғалия Ұзақбайқызы ашып берді. «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., қаум. профессор Таукебаева К.С. «Дух Независимости в каждом из нас!» тақырыбында баяндама жасады.

 

Семинар қонақтары ТИГУ т.ғ.д., профессор, РАМ, РАЭ академигі С.Ж.Баубеков, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ профессоры ф.ғ.д., М.Р.Копбаева, Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Н.Ж.Кайырбекова сөз сөйледі. 

 

 «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Сейтжапарова А.С. «Слово о Независимости: к высоким целям через мудрость, толерантность и единство народа» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты белсенді оқыту әдістерін және алынған ақпаратты мұғалімдермен бірге тәжірибе барысында қолдану.  Семинар-тренингтің қорытындысы «Менің Қазақстаным» атты викторина сұрақтарымен аяқталды. 

        Кафедра меңгерушісі                                                     К.С. Таукебаева