Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 16 наурызға ақпарат

16.03.2015 pdf_icon 946 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

5 наурыз 2015 жыл

«Ана тіршіліктің тірегі» атты мерекелік кездесу кеші

Қызылорда облысының Мемлекеттік мұрағатында 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана тіршіліктің тірегі» атты мерекелік кездесу кеші өткізілді.

Мерекелік кездесу кешіне «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессоры п.ғ.д., Р.Наурызбаева және мұғалімдер мен мектеп оқушылары қатысты.

Кездесу барысында кеш қонақтары мұрағат қоры құжаттарынан әзірленген «Қазақстан баршамыздың ортақ Отанымыз» атты Қазақстан халықтары Ассамблеясының                   20 жылдығына арналған тақырыптық көрмені тамашалады.

6 наурыз 2015 жыл

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Институт директоры Бауыржан Елеусінов ұжым қызметкерлерін көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады.

Мерекелік іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының құрмет граматолары институт қызметкерлері Г.Жақсылықова, Г.Бекжанова, Ж.Ахметова, Ж.Самуратоваға, институттың алғыс хаттары Қ.Есекеева, Г.Абдыкалыкова, Л.Сейітжанова, Ғ.Отызбаева, Н.Анафия, К.Саттибаева, Г.Джумашиева, Р.Уразалиеваға табысталды. Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.

 

10 наурыз 2015 жыл

«Қазақ хандығы тарихын зерттеу мен оқытудың келелі мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қызылорда облысының әкімдігі және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бірлесе ұйымдастыруымен Студенттер сарайында «Қазақ хандығы тарихын зерттеу мен оқытудың келелі мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары, т.ғ.к., С.Серікбаев «Қазақ хандығы тарихының өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы» атты тақырыпта баяндама оқыды.

Біліктілік арттыру курстары – кәсіби өсудің кепілі

9 наурыз 2015 жыл

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 2-12 наурыз аралығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған – «TIMSS халықаралық зерттеулері аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде. Курс барысында «Білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды тиімді пайдалану – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту құралы» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.

 

11 наурыз 2015 жыл

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 2-12 наурыз аралығында директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасарларына арналған – «Жаңарған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде. Курс барысында «Бастауыш сынып мұғалімінің шығармашылығын дамытудың жолдары мен шарттары» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.

11 наурыз 2015 жыл

 «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен 2-12 наурыз аралығында математика пәні мұғалімдеріне арналған – «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде. Курс барысында «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

12 наурыз 2015 жыл

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 2-12 наурыз аралығында балабақша тәрбиешілеріне арналған – «Мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісіне баланы ерте жастан дамыту бойынша шетелдік және отандық үздік технологиялардың әдістемелік негіздерін ендіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде. Курс барысында «Инновациялық өзгерістерге дайын тәрбиешінің психологиялық портреті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

12 наурыз 2015 жыл

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 2-12 наурыз аралығында ТжКББ арнайы пән оқытушыларына арналған – «ТжКББ мазмұнын жаңғырту жағдайында Дуальды білім беру жүйесін ендіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде. Курс барысында «Кәсіптік колледжде Дуальды оқытуды жүзеге асырудың мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

12 наурыз 2015 жыл

«Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен 2-12 наурыз аралығында химия пәні мұғалімдеріне арналған – «PISA халықаралық зерттеулері аясында ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде. Курс барысында «PISA бағдарламасы компоненттерін шешуге жағдайлар жасау» тақырыбында конференция өткізілді.

11 наурыз 2015 жыл

«Балаларды ерте жастан дамытуда отандық және шетелдік әдістемелерді енгізу» тақырыбындағы семинар

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының жоспарына сәйкес «Балаларды ерте жастан дамытуда отандық және шетелдік әдістемелерді енгізу» тақырыбында облыстық көшпелі семинар болып өтті. Семинар Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылында №13 балабақшасында өткізілді. Семинарға облыс, аудан көлеміндегі мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметкерлері, балабақша тәрбиешілері қатысты.

Семинар барысында жоғары деңгейде тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Семинар жұмысы барысында 1-2 сәбилер тобы «Тәй-тәй», «Ойын» арқылы оқыту технологияларымен, ортаңғы топ «ӨТШТ», ересек тобы «Әуенді кесте» технологияларымен оқу-іс әрекеттерін жүргізді.

Семинар соңында балабақшадағы педагогтардың инновациялық технологияларды пайдалана отырып жасаған жұмыстарының шеберханасы көрсетілді.