Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Өңірдің әдістемелік қызметі: өзара әрекеттестік ресурстары

18.03.2015 pdf_icon 664 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 17 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ «Жаңа мектепке – көшбасшы жетекші» атты оқыту семинарын ұйымдастырып өткізді.

Семинар мақсаты – Қарағанды облысының педагогикалық қызметкерлеріне әдістемелік қолдау көрсету.

Мақсатты аудитория – Қарағанды облысы білім Басқармасының мамандары, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, PISA – 2015 халықаралық зерттеулеріне қатысушы мектептердің пән мұғалімдері.

Білім беру саласының заңнамаларындағы өзгерістермен қатысушыларды Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау Департаментінің бас маманы Нургалиева Сауле Акылтаевна таныстырды.

 

Әдіскерлер мен педагогтар білім беру мазмұнының жаңару мәселелерін талқылауға белсене атсалысты. Ортақ ұстаным шығарылды: жаңарту идеяларын жүзеге асырудың негізгі ресурсы мұғалім болып табылады, мұғалімге әдістемелік демеуді әдіскер көрсетеді. Білім беру жүйесіне жаңаруды енгізу тиімділігі олардың өзара әрекеттесу сапасына байланысты.

«Оқушылардың оқу дағдыларын зерделей дамыту тәсілдерімен таныстыру» тренингінде әдіскерлер мен педагогтар PISA халықаралық зерттеулерінің мәнмәтінінде біршама тапсырмалар мен жаттығуларды орындады.

«Білім берудің жаңарған мазмұнын жүзеге асыруда педагогқа қолдау көрсетуді қамтамасыз ету бойынша көшбасшы әдіскердің кәсіби құралдары» практикумының барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік іс-әрекеттердің мүмкіндіктері мен мәселелері анықталды.

Қорытынды SWOT-талдау Қарағанды облысының педагогтарына қолдау көрсету бойынша біріккен іс-шараларды жоспарлауда көрініс табатын Филиал мен өңірдің әдістемелік қызметінің әріптестік әрекеттерін бағдарлауға мүмкіндік берді.