Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 27 наурызға ақпарат

27.03.2015 pdf_icon 1250 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту мәселелерін қарастыруға арналған дөңгелек үстел

Өткен аптада «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Р.О.Жазильбекованың жетекшілігімен №10 ЖББМ базасында «Қосымша білім беру және жалпы білім беру ұйымдарының оқушы шығармашылығын дамытудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел мақсаты: қосымша білім беру педагогтарының кәсіби дамуындағы инновациялық дайындықтарын көтеру мен білім мазмұнын жаңарту болып табылады. 

Дөңгелек үстел бағдарламасында қосымша білім беру мекемелерінің педагог қызметкерлері мен Жас натуралистер станциясының директоры
З.А Аришева., Алматы қаласының Оқушылар сарайының әлеуметтік педагогика бөлімінің жетекшісі У.А.Парманова., №83 МГ қосымша білім беру модераторы Н.Г.Алексеева., №2 Оқушылар үйінің педагогы 
Л.В. Гишкелюк., №7 Оқушылар үйінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Т. Абирова., №3 Оқушылар үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі С.Л.Морозова., №4 Оқушылар үйінің «Қазақ тілі»үйірмесінің жетекшісі А.Е.Серікбаева және №10 ЖББМ мұғалімдері қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету» кафедрасының аға оқытушысы Р.О.Жазильбекова.  

 

Дөңгелек үстел аясында төмендегідей мәселелер қамтылды: 

  •       Қосымша білім беру мекемелері мен негізгі мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасын қалай       күшейтуге болады? 
  • Қосымша білім беру мекемелерінің ата-аналар, әлеуметтік серіктестер және мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстың үлгісі мен бағыттарын айқындау.
  • Негізгі білім беру жүйесін кіріктіре отырып қосымша білім беру мекемелерінің негізгі жұмыс үдерісін қалыптастыру жолдары. 

 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қабылданған қарар:

  • қосымша білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының мазмұнын жаңарту;
  • қосымша білім беру ұйымдары қызметінің сапасын және нәтижелігін бағалау критерийлерін әзірлеу;

 

  • қосымша білім беру ұйымдарының үздік тәжірибесін жинақтау және тарату;
  • оқу бағдарламасының талапқа сай үлгісін жасау;
  • ресурстық орталықтармен жұмысты жалғастыру.

Заман сұранысы – оқушылармен бірге оқуды дамыту

 

2015 жылғы 26 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының іс-жоспарына сәйкес 98 жалпы білім беретін мектептің базасында «Бірлескен оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» атты вебинар мектептің техникалық ахуалына байланысты коучинг-семинар тренер Есентаева Айжан Ыдырысқызы мен Ордағұлов Иса Біләлұлының  ұйымдастыруымен өтті.

 

         Коучинг-семинарды №98 ЖББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, коуч  Далбаева Батен Урустембековна мен бастауыш сынып мұғалімі  үшінші деңгей бойынша сертификатталған бастауыш сынып  мұғалімі  Қожамқұлова Айжан Жанболатқызы жүргізді.

         Семинарға қала бойынша 25 мұғалім қатысты. «40 секундтік тапсырма» орындаудан басталды. Бұл жерде семинарға қатысушылар  көзін қысу, досының қолын алу, қолдарын шапалақтау, өзіне ұнаған адамның арқасынан қағу сияқты  әрекеттерді орындап, ынтымақтастыққа түсе алды.  

 

         Аталмыш семинарды Далбаева Батен Урустембековна М.Жұмабаевтың «Бір сабақтан бала жақсы әсер алу үшін, баланың құмары болуы шарт. Баланың құмарлығын арттыру үшін, мұғалімнің өзінің қызығушылығы басым болуы керек» деген сөзімен бастап,  қатысушыларға  «Сіздер, өз тәжірибелеріңізде оқушыларды оқуға  қалай араластырып жүрсіздер?», – деген сауалмен ой тастады. Осы сауалға нақтырақ үшінші деңгей бойынша сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі Ақжігітова Қарлығаш пен биология пәні мұғалімі Айгүл Ибрагимова және Қалышева Эльмира сынды мұғалімдер өз тәжірибелерінен мысалдар келтіру арқылы жауап берді.      

 

         Коуч Батен Урустембековна қатысушылардың оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Звездочки на земле» филімін көрсете отырып әрекет етті. Семинар тақырыбын ашу үшін «Деңгейлік курс идеясы оқушыларға қаншалықты септігін тигізеді?» сауалы бойынша қатысушылары пікірталасқа түсірді. Ал коучинг-семинардың түйінді сөзін Айжан Жанболатқызы өзінің «Жеті модульдің кереметі» атты  таныстырылымымен қорытындылады.

         Семинар соңында тренер Айжан Ыдырысқызы бүгінгі іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, коучинг-семинарды жүргізген ұстаздарға  институт атынан алғыс білдірсе, жүргізушілер семинарға атсалысқан 15 ұстазға арнайы «ХХІ ғасыр мұғалімі»  атты төсбелгі тапсырып, заман сұранысына қарай, оқушылармен бірге оқуды дамытайық деген тілекпен  семинарды аяқтады.