Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 27 наурызға ақпарат

27.03.2015 pdf_icon 849 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Кәсіби және техникалық білім берудегі дуалды оқытуды енгізу

 

2015 жылдың 18 наурызында «Электротехнический колледж» КМҚМ

негізінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Кәсіби және техникалық білім берудегі дуалды оқытуды енгізудің көкейкесті сұрақтары басқару және инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі әлеуметтік әріптестік институтын нығайтушы факторы» атты кәсіби және техникалық білім беру қызметкерлерінің ғылыми-практикалық онлайн конференциясын өткізді.

Мақсаты – кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және дамыту.

 

Конференцияға Бозымбаев Болатжан Даулетович, «Өрлеу» БАҰО» АҚ КжТББ бөлімінің бастығы, Тобатаева Кульзия Кадыровна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ бөлім бастығы модераторларлық басқару жүргізді.

Конференцияға отандық және шетелдік кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарының әріптестері: басшылар, оқытушылар, әдіскерлер, өндірістік білім беру шеберлері қатысты.

 

Конференция барысында Қазақстанның барлық облыс педагогтерінің баяндамалары тыңдалып, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Өзбекістан және Қырғызыстан педагогтері де белсенді қатысты. Бас қосуда дуалды оқытуды КжТББ жүйесіне енгізу, әлеуметтік әріптестік сұрақтары талқыланды.

 

Конференция барысында «Модульное и дуальное обучение в профессионально-техническом образовании» атты әдістемелік құралдың тұсаукесері өтті.

Конференция соңында К. Тобатаева әлеуметтік әріптестік туралы шеберлік сыныбын өткізді. Конференция жұмысын аймақтық баспа және электронды БАҚ жариялады.

 

 

Мұғалімдердің шығармашылық серпілісі

 

2015 жылдың 9-13 ақпаны аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Білім беру сапасы мен басқару кафедрасының ұйымдастыруымен «Воспитание этнической и религиозной толерантности у учащихся в преподавании религиоведения» тақырыбында Бородулиха ауданында дінтану пәнінің мұғалімдеріне арналған курс өтті.

 

Курс барысында мұғалімдер сабақтың жана бағдарламалары мен формаларына белсенді қатысып, әрбір берген сабақ қызықты өткендігін атап өтті. Мұғалімдер әдістемелік жинақтар толтыруына мүмкіндіктер алды.

Оқыту процессінде педагогтің құзыреттілігін жетілдіруге IT-құрылымдарды қолдануы бойынша оқушылар құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған қазіргі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана алатын сабақтар көрсетілді.

 

Аталған курс бойынша тыңдаушылар теориялық білімдерін бекіту мақсатымен Бородулиха ауданындағы КММ «Абай атындағы ОМ» тренері Дерксен С.И деңгейлік бағдарламаның жеті модульдері бойынша жаттығу сабағын өткізді.

 

Курс соңында ауданның мұғалімдері өзара тәжірибе алмасып, дінтану сабағына арналған оқу жоспарының базасын құрастырды. Тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды. Тыңдаушылар атынан «Өрлеу» БАҰО» АҚ ШҚО БАИ профессорлық-оқытушылар құрамына әдістемелік және акпараттық қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз! Еңбекте табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз!

 

«PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша семинар-тренингі

 

2015 жылдың сәуір айының 3-18 аралығында Шығыс Қазақстан облысының 15 жасар оқушылары негізгі халықаралық PISA зерттеуіне қатысады. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы осы кезеңнің басым бағыты – ғылыми - жаратылыстану сауаттылығы.

Осыған байланысты наурыз айының 16-17 күндері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері облыс педагогтері үшін «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында семинар - тренингін өткізді.

 

Семинардың мақсаты – PISA бағдарламасының тапсырмаларын орындауға оқушыларды даярлауда белсенді оқыту стратегиялары арқылы педагогтердің біліктіліктерін дамыту.

Семинарға оқу, математика, жаратылыстану сауаттылықтары бағыттары бойынша 46 мұғалім қатысты. Сонымен қатар, семинарға Шығыс-Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы және «Шығыс» өңірлік орталығының қызметкерлері қатысты.

Семинарға қатысқан педагогтер өткізілген тренингтердің өзектілігі мен белсенді оқыту стратегияларының өз тәжірибелерінде қажеттілігін атап өтті.

 

Біз ортақ шаруа атқардық

 

2015 жылдың 20 ақпанында ШҚО Дін істер басқармасының ынтымақтастық Меморандум аясында «Повышение эффективности информационно-пропагандистской работы по вопросам религии» тақырыбында оқыту семинары өтті. Философтар, психологтар және ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығынан социологтар, сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ-дан дәріскерлер және тәжірибелі тренерлер қатысушылар ретінде шақырылды. Тыңдаушылардың қатарына қоғамдық кеңестің төрағалары және мектепшілік ата-аналар кеңесі, қалалық, аудандық әкімдер, дінтану пәнінің мұғалімдері, мектеп директорлары мен орынбасарлары және дін қызметкерлері қатысты.

 

Семинар барысында мемлекеттік саясаттың дін аясындағы ұлтаралық келісімді нығайту бойынша мемлекеттік органдардың және діни ұйымдардың жұмысын жандандыру сұрақтары қарастырылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ білім беру сапасы мен басқару кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты А.Б.Протопопова «Основные религиоведения» пәнін оқытудың негізігі аспектілерін атап өтті. ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының психологы Ж. Кунафина діни секта құрығына түскендерге психологиялық көмек көрсету мәселелеріне тоқталды.

 

Семинар қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылып, діни-құқықтық ақпараттардың әдістемесі жинақталып, қоғамда конфессияаралық тұрақтылықты күшейтуге келісім жасасты.