Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

TIMSS, PIRLS, PISA халықаралық зерттеуленің елдің бәсекеге қабілеттілігінің индикаторы ретінде

31.03.2015 pdf_icon 1070 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

27 наурызда  «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» «PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулеріне оқушыларды даярлаудағы өзекті мәселелер» тақырыбында облыстық конференция өткізді.

Конференцияның өзектілігі білім беру жүйесін жетілдірудегі халықаралық мониторингтік зерттеулердің маңыздылығымен айқындалады.

Халықаралық зерттеулерді өткізу – стратегиялық маңызды міндет. Зерттеулерге қатысу, біріншіден, қазіргі білім беру деңгейін терең түсінуге және оны арттырудың механизмін анықтауға, екіншіден, білім беруде  әлемдік бағытты ескере отыра оқыту үдерісіне әрбір мұғалімнің амалдарын өзгертуге, үшіншіден,  оқушылардың функционалдық сауаттылығының даму үдерісін  диагностикалауға мүмкіндік береді. 

 

Халықаралық зерттеулер оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық және танымдық қабілеттерін, сонымен қатар рефлексивтік дағдысын дамытуға бағытталған.

         Конференция мақсаты - халықаралық зерттеулерді  өткізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда  педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту.

 

Облыстық конференция оқушыларды халықаралық зерттеулерге даярлауда бар проблемаларды анықтауға және осы проблемаларды шешу жолдарын қарастыруға бағытталған.

Конференция қатысушылары – ЖОО оқытушылары, облыс мектептерінің пән мұғалімдері, мектеп жетекшілері және аудандық / қалалық білім беру бөлімдерінің  әдіскерлері (100-ден астам адам қатысты).

Конференцияның құрметті қонақтары – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың жаратылыстану ғылымдары мен спорт факультетінің деканы, х.ғ.к. Голодова И.В., Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Білім беру  басқармасының білім беру мазмұны мен сапасы бөлімінің жетекшісі Черных В.А.

 

Конференция аясында пленарлық және секциялық отырыстар өткізілді:

  • 1 секция «Ғылымижаратылыстану сауаттылығы бойынша PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне оқушыларды дайындау: жағдайы, проблемалары және оларды шешу жолдары»;
  • 2 секция «PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне сәйкес оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту»; 
  • 3 секция «Функционалдық оқу сауаттылығын дамыту: проблемалары және оларды шешу жолдары».           

Модераторлары: «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к. Сәбиева К.Ү., аға оқытушылары Корчевский В.Е., Медведева О.М., PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың функцимоналдық оқу сауаттылығын дамыту әдісіне оқыту бағдарламасы бойынша тренер. Пленарлық отырыста  PISA (2012 ж.) и TIMSS (2011ж.) зерттеулеріндегі солтүстікқазақстандық оқушылардың нәтижелерінің талдауы ұсынылды, облыста жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқытудың күшті жақтары қарастырылды және оқушылардың оқу сауаттылығы бойынша тапсырмаларды орындау барысында кездескен қиындықтар анықталды. 

 

Секциялық отырыстарда шеберлік сыныптар өткізілді. Шеберлік сыныптарда мұғалімдер оқушыларды халықаралық зерттеулерге дайындау үшін белсенді оқыту стратегияларын көрсетті. Екінші секцияда «PISA халықаралық зерттеуіне дайындау барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында коучинг өткізді.       

                           

Конференция қатысушылары оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық және танымдық қабілеттерін, сонымен қатар рефлексивтік дағдысын дамытуға бағытталған халықаралық зерттеуді оқытудың жаңа стратегияларын мұғалімнің  түсінуіне бағдар береді деп қорытындылады. Сөйлегендердің барлығы үкіметтің бастамасымен  қазақстандық білім беруді жаңғырту қажеттігін құптады және қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін бұл реформаны жүзеге асыруда барлық қоғамның белсенді араласуын талап ететінін атап айтты. Жұмыс  қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

 

Конференция қатысушылары институт басшыларына конференцияны ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді. Конференцияның өтуі заманауи  педагогикалық ойларды дамытуда күшті импульс болады.