Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Жеңістің 70 жылдығына – 70 тамаша іс»

09.04.2015 pdf_icon 891 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Павлодар облысының білім беру ұйымдары «Жеңістің 70 жылдығына – 70 тамаша іс» акциясына қатысады. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ  мұндай іс-шараларды өткізуде әдістемелік көмек көрсетеді, жобаны бұдан әрі жүзеге асыру бойынша ұсынымдар береді, байқаулардың сарапшылары мен қазылар мүшесі ретінде қатысады. 

Жоба шеңберінде – «Қайырлы таң, ардагер», «Ұмыт болмас үшін» әлеуметтік акциялары – соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды қолдау: аулаларды көркейту, үй шаруасын жүргізуге көмектесу; «Планетаны таза сақтайық» экологиялық акциясы – көшелер мен бақтарды санитарлық жинастыру;

 

Павлодар облысының барлық аудандарының 491 жас суретшілерінің, фотосурешілері мен шебер-авторларының 700-ден астам жұмысы ұсынылған «Құстар әні» V республикалық фестиваль-байқауына қатысу; «Патриоттық тәрбие бойынша сыныптан тыс іс-шараның үздік сценарийі» облыстық байқауын өткізу, қазылар алқасының төрелігіне айтулы күнге арналған 70 сценарий ұсынылады.

 

«Салют, Жеңіс!» акциясы шеңберінде филиалдың Білім мұражайы (жетекшісі Е.К. Такирбасов) мұрағат материалдарын жинақтау, сақтау, жүргізуде көмек көрсету бойынша мектеп мұражайларына әдістемелік көмек көрсету бастамасын қолға алды.

 

Институт сайтында «3D форматындағы мұражай» ақпараттық блогында облыстың ПҚ БАИ жүйесінің қызметкерлері – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушылары туралы ақпарат орналастырылған.

                                                  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

                                                                 Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ

                                 баспасөз орталығы