Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Тренерлердің кембридждік әріптестермен бірлескен жұмысы

10.04.2015 pdf_icon 850 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында жүргізілетін Деңгейлік бағдарламалар курстарында шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу дәстүрі қалыптасқан.

Кембридж университетінің менторлары (Хелен Китчен мен Девид Мартиндил) тәлімгерлік көмек көрсету мақсатымен келді. Шетелдік әріптестер 6 сәуір мен 10 сәуір аралығында 3 (базалық) деңгейлік курстың 27 сабағына қатысып, Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлерімен бірге сындарлы оқыту идеясын дамытуда бірлескен жұмыс жасайды. Орталық тренерлеріне әріптестік қолдау көрсету арқылы озық тәжірибенің облыс мұғалімдеріне тиімді меңгертілуіне мән беретін болады. 

 

         "Өмір бойы үйрену" идеясын ұстанатын Орталық тренерлері озық тәжірибені ұсынушыларды сыншы дос ретінде қабылдады. Дос істің табысты болуын жақтайды. Достар шексіз жағымды қарым-қатынаста болатыны белгілі. Сыншы дос «шынайы достық» дегенге жақынырақ – шексіз көмек пен адал, қалтқысыз сынның үйлесім табуы.