Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті жолдауын талқылау

11.01.2018 pdf_icon 122 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылғыы 10 қаңтарда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты  Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті жолдауын талқылауға арналған кеңейтілген отырыс өтті.  Алғы сөзбен ББЖ ҚБАРИ директоры, п.ғ.д., профессор Ж. Макатова  отырысты ашты.  

ҚР Президентінің жолдауы нақты əрі мақсатқа бағытталған сипатта құрастырылған, жəне мемлекеттің одан əрі өркендеуіне жол ашады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі мектепке дейінгі мекемеден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі білім берудің барлық деңгейі үшін Жолдаудың жетінші міндеті маңызды болып табылады, яғни «Адами капитал – жаңғырудың негізі». Адами капиталды дамытуды жүзеге асырудың басты бағыты «барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнеміі бейім болу жəне жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс».   

Аталмыш шараға сондай-ақ «БЖЗҚ» АҚ өкілдері қатысып,  олар өз кезегінде ҚР зейнетақы жүйесіне енетін жаңғырулар туралы, мемлекеттік қызметтерді «Электронды Үкімет» порталы арқылы электронды форматта алу мүмкіндігі туралы айтты. Осы айтылғандарды талқылай келе, қатысушылар еліміздің əрі қарай дамып-гүлденуі үшін ҚР Президентінің Жолдауын мемллекеттің əрбір азаматы оқып, танысып, ондағы міндеттерді жүзеге асыруға ат салысулары керек деген пікірлерін білдірді.