Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Қазақстанды дамытудың жаңа басымдықтары

11.01.2018 pdf_icon 75 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 10 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылауға арналған жалпы қызметкерлердің жиналысы өткізілді. Ұжымның кеңейтілген кеңесін  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ директоры С.З.Байхонова ашып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында жаңа әлемдік көшбасшы елдер қатарына кіруге арналған  басымдықтарын нақты қойғандығы жөнінде тоқталды.

Аға оқытушылар С.Г.Щеглов, Б.Б.Нұғыманов Президенттің жаңа бағдарламалық құжаты жаңа шынайылық жағдайында қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағыттау саясатына бағытталғандығын атап айтты.

Жиналыс барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы «Білім беру жүйесінің барлық деңгейлері  экономикаға Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» деген жолдарын  зор ықыласпен тыңдады. Сондай-ақ педагогтерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керектігі туралы ойын қолдады.   

Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыруда «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына қатысты міндеттерін атқару туралы ҒЖ(Г)ПӘОӘжИТ кафедрасының меңгерушісі Ж.С.Құрманова айтып өтті. Сандық білім беру технологиясы бойынша филиалдың атқарып жатқан жұмыстары жөнінде осы кафедра аға оқытушысы С.Б.Пилипенко айтып өтті.    

Баяндамашылар Елбасы Жолдауын өмірде тәжірибе жүзінде іске асыруға байланысты тұстарын ортаға салды.