Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне қадам басу

12.01.2018 pdf_icon 23 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Елбасының Жолдауы – мемлекетті дамытудың жаңа дәуірінің бастауын белгілейтін құжат, ол «Өрлеу» БАҰО филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша әрі қарайғы ғылыми-білім беру  қызметінің бағдарламалық жетекші құралы болып табылады.

Филиалдың ұжымы 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылап, 2018 жылға арналған жоспарды құрудың ең маңызды аспектілерін зерделеді. Жолдаудың барлық 10 бағыты – Елбасы атап өткендей, жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

Институт оқытушылары мен қызметкерлері «Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы» бағытын аса мұқият зерделеді. Жолдауда «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» деп белгіленген. Өмір бойына білім алу қажеттілігіне баса назар аударылған.

Жолдауда филиалдың алдағы жылдағы іс-әрекет алгоритмі белгіленгенін барлығы бірауыздан қабылдады.

 

Бакуменко С.В.,

 «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ,

қоғаммен және басылым қызметімен байланыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы