Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Жолдау – жаһандық бәсекеге қабілеттілік

12.01.2018 pdf_icon 42 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 11 қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы «Рухани жаңғыру» кабинетінде 2018 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиын барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов маңызы зор стратегиялық құжатта келтірілген мемлекетіміздің дамуын айқындайтын маңызды бағыттарға және Елбасы Жолдауының жетінші негізгі міндетіндегі білім саласында адами капиталды дамыту, білім сапасын арттыру, қоғамда мұғалім мәртебесі мен беделін көтеру мәселелеріне тоқталды.

Жиында институттың «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Қожамберлиев «Дамудың жаңа белестері» тақырыбында баяндама жасады. Б.Қожамберлиев өз баяндамасында Елбасы Жолдауындағы әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына жедел ену үшін жүзеге асырылуға тиісті 10 міндетті атап өтті. Бұл міндеттердің барлығы да қоғамның экономикалық, саяси, рухани және әлеуметтік жақтарының өзекті мәселелерін қамтитыны жайлы жан-жақты баяндады. Баяндамашы еліміз жедел түрде индустрияландыру мен жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс екеніне тоқталды.

Елбасы Жолдауын талқылауға арналған жиында институт қызметкерлері Г.Айсауытова, Р.Мәрсәлі, С.Құсейнов және тағы басқалар Жолдауда айтылған басым бағыттарға және 10 міндетке арнайы тоқталып, өз пікірлерімен бөлісті.

Дамудың 10 бағытын айқындаған Жолдау – жаңа мақсаттарға жетелейтін ең басты құжат болып табылатынын айтқан институт директоры Б.Елеусінов Жолдаудағы Елбасы тапсырмасының жоғары деңгейде жүзеге асырылуына белсенді атсалысуға шақырды.

Жиын соңында институт қызметкерлері Елбасы Жолдауын толық қуаттайтындықтарын білдірді.