Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Қайырымдылық әлемді жаңартады

14.04.2015 pdf_icon 693 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Бақытты болуға барлық бала құқылы.

«Бала құқықтарының декларациясы» 

«Өрлеу»БАҰО» АҚ Ф «СҚО ПҚ БАИ» «Инновациялық технологиялар  және ғылыми-жаратылыстану, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы «24 игі іс» жобасының аясында «Жетім балаларға   сыйлыққа кеңсе тауарлары»  акциясын  ұйымдастырды.  Қайырымдылық  шараға институттың қызметкерлері мен облыс  мұғалімдері қатысты.                                                 

Институт қызметкерлері  Алма Жәкішқызының басшылығымен  институт базасында сәуірдің 6-сы мен 10-ы аралығында  кеңсе тауарларын жинауды ұйымдастырып, СҚО-ның «Отбасылық типтегі балалар ауылы» тәрбиеленушілеріне табыс етілді.                                                                                                                                  

 

Акция халық арасында қайырымдылықты насихаттауға бағытталған. Ең бастысы – басқа адамға  ілтипат, жүрегінің жылуын сыйлау.  Ешкім де осы балалардай арманының орындалғанына қуана алмайды. Осындай қуанышты сәт  ата-анасыз қалған балаларда сирек кездеседі.Осындай балаларға қуаныш сыйлау және оны бақытты ету әр адамның қолында. Әр бала біреуге керек екеніне, оның тағдырына  ешкім бей-жай қарамайтынына үміттенеді, сенеді.        СҚО-ның «Отбасылық типтегі балалар ауылы» балаларының қуаныштан жайнаған жүзі мен жүректерінен шыққан жылы сөздері – осыған дәлел. Сыйлық алған балалардың қуанышында шек жоқ! Ондай қуанышты көргенде жаның жай табады.

 

Балалар ауылында жұмыс істейтін адамдардың арқасында мұнда жылы, түсіністік пен махаббат бар. Кафедра меңгерушісі  Сәбиева К.Ү. балаларға қуаныш, көңіл-күй, күтпеген сыйлықтар көп болсын деген тілек білдірді.

«Отбасылық типтегі балалар ауылы» директоры А.М.Әкімжанов филиал қызметкерлеріне  ризашылығын білдіріп, мұндай шаралар маңызды және өзекті екенін ерекше атап айтты.

Көрсеткен көмектен алған қуаныш «24 игі іс» тізіміндегі басты критерий ретінде қалады.

Батырова Б.Ы.- Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің маманы