Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

СҚО: «Mentor.net» -тәлімгерлік аумағы

14.02.2018 pdf_icon 15 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Еліміздің мектептерінде жаңартылған жалпы орта білім беру бағдарламаларын енгізу кезеңінде білім сапасына ерекше көңіл бөлінуде. Мектеп әкімшілігі алдында мұғалімдерге тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыру және ҰБТ-ға дайындықты уақытылы қамтамасыз ету мәселесі тұр. 10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» филиалының педагогикалық шеберханасы базасында, педагогикалық шеберхана жұмысы аясындағы «ҰБТ-ға жүйелі дайындық - білім сапасын арттыру негізі» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу бойынша облыстық Диалогтік алаңы өтті.

Іс-шара «Өрлеу»БАҰО» АҚФ «СҚО бойынша ПҚ БАИ», «М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицей» КММ, М.Жұмабаев және Шал ақын аудандық әдістемелік кабинеттері арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум аясында өтті. 100-ден астам аудандық педагогтер ең тәжірибелі мектеп-лицейдің пән мұғалімдері өткізген «ҰБТ-ға жүйелі дайындық - білім сапасын арттыру негізі»  пәндік зертхана отырысына қатысты.

Кездесу аясында «Өрлеу» филиалының ПОҚ-ы «ҰБТ-ға жүйелі дайындық - білім сапасын арттыру негізі» атты тренинг өткізді, оның негізгі мақсаты – қол қойылған Меморандум аясында педагогикалық ұжымдардың күш-жігерін тәлімгерлікті ұйымдастыруға бағыттау.

Филиал сайтындағы http://f1.ipksko.kz/ru/forum/index платформасындағы «Mentor.net» жобасының көрсетілімі кездесудің нәтижесі болып табылды.

Аудан мұғалімдері әдістмелік қолдау көрсететін, материалдарымен бөлісетін, технологиялары және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ететін өздерінің филиал ПОҚ-ы арасындағы кеңесшілерімен және мектеп-лицей мұғалімдерінің арасындағы тәлімгерлерімен танысты. «Mentor.net» жобасы – аймақтағы тәлімгерлікті қолдау және іске асыру бойынша филиалдың тағы бір маңызды ресурсы болып табылады.

 

«Өрлеу» БАҰО» СҚО бойынша ПҚ БАИ»  

ИДҚЕ бөлімінің жетекші маманы Г.Мүсетаева