Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолында

14.02.2018 pdf_icon 19 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Ағымдағы  жылдың  29 қаңтар мен 09 ақпаны аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»  Ақмола облысы Сандықтау ауданына қарасты Балкашино ауылының №1 орта мектебінің базасында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курсқа Ақмола облысының Сандықтау ауданының өзін-өзі тану пәнінің 24 ұстазы қатысты.

Курс аясында тыңдаушылар заманға сай педагогиканың өзекті  мәселелері, өзін-өзі танудың негізі болған мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар мен пәннің педагогикалық-психологиялық аспектілері, рухани-адамгершілік білімді мектептің тұтастай педагогикалық үдерісімен интеграциялау туралы дәрістер тыңдап, құндылықтарға негізделген жаңартылған сабақ құрылымымен танысты.

Курстың тәжірибелік бөлімі сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігін аша білуге, сонымен қатар, шығармашылықпен келіп, сабаққа қосымша материалдарды таңдау шеберлігіне үйренді.

Бірінші аптаның нәтижесі бойынша тыңдаушылар «Мен шабыттандырамын...», «Мені шабыттандырады...» тақырыптарында эссе түріндегі өзіндік жұмыстар орындады.

Екінші аптаның жұмысында әр тыңдаушы тапсырылған бір құндылыққа сәйкес сабақ жоспарының шығармашылық әзірлемесін ұсынды. Сынақ қорытындысы бойынша тыңдаушылар:

- сабақ жоспарының мақсат, міндеттерін қысқа әрі нақты қалыптастыруға;

- сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігін ашуға;

- сабақтың тақырыбын ашуға көмектесетін шығармашылық жұмыс немесе топпен жұмыс жүргізуге;

- өзіндік бақылау, бағалау кезеңдеріне бір қалыпты қарауға, тренердің ұсыныстарын тыңдап, назарға алуға үйренді.

Курстың мазмұны, жаңашылдығы мен әр түрлі жұмыс түрлері тыңдаушыларды шабыттандырып, өз мамандықтарына жаңаша көз қараспен қарауға әсер берді.

Сандықтау аудандық білім бөлімінің әкімшілігі біліктілікті арттыру институтының басшылығына және курсты өткізген тренерге мазмұнды да мәнді ұйымдастырылған іс-шара үшін алғыстарын білдірді.

 

А.Р. Басболатова,

мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық

сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы