Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы. Біздің елеміздегі бейбітшілік пен келісім

14.02.2018 pdf_icon 23 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабы талқыланды. Дөңгелек үстелде талқалау үшін педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мамандары мен  профессорлық-педагогикалық құрамы жиналды. Елбасымыздың жаңа кітабы туралы алғашқы сөзді «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ директоры алды М.Слесарь алды, ол: «Біздің еліміздің Президентінің әр кітабы  - біздің қоғамның барлық аймағында кеңінен талқыланатын жаңалық» деді. Білім беру ісінің үздігі С.Г.Мачнева кітаптың бірінші бөлімі «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы» туралы айтса, «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы» тақырыбындағы кітаптың екінші бөлімі туралы өз ойымен филиал директорының орынбасары Г.Ж.Султангазина бөлісті. Сонымен қатар инновациялық дамытудың ғылыми-әдістемелік қолдауын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К.Т.Ибрагимов «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы» атты кітаптың үшінші бөлімінен алған әсері туралы айтса, білім беру үдерісін психологиялық – педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі М.Т.Туякова «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы» кітаптың төртінші бөлімін талқылауға салды.

2017 жылдың соңында Тәуелсіздік күні қарсаңында шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы Президентіміздің жиырма жетінші кітабы, бұл кітаптарда оның Тәуелсіздік дәуіріне деген, еліміздің жаңа тарихы мен келешегіне деген  авторлық көзқарасы берілген.

Кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған.

Кітапта негізгі Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген. Бірінші және екінші жаңғырту аясында тоталитарлық жүйеден түбегейлі ажырап, нарықтық экономиканы құру және бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті мерзімінен бұрын орындалды. Үшінші жаңғыртудың мақсаты – елімізді қалыптасқан жаңа жаһандық ахуал жағдайында жаңғырта отырып, әлемдегі ең өркенді 50 мемлекеттің қатарына қосу.

Педагогтардыі ең бірінші Президенттің еліміздегі білім беру жүйесін дамытуды қалай бағалап, талдайтыны, Тәуелсіз мемлекетіміздің аяққа тұрудың әр кезеңінде білім беру жүйесі туралы ойы қызықтырады. Кітапта білім беру аясындағы барлық өзгерістер жазылған: Мемлекетіміздің дүниеге келуі уақытындағы білім беру жүйесінің фундаментінің орнығуы (1991-1995 жылдар), 1996-1999 жылдардығы орта білім берудегі өзгерістер, яғни барлық мектептерді компьютер желісіне қосу, 2000-2010 жылдардың білім берудің интеллектуалды ренессаны туған кезең, бұл уақытта Назарбаев интеллектуалды мектептерінің, Университеттерінің ашылуы, «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім берудің жаңа моделіне көшу жүзеге асырылды. Ал қазіргі кезең білім беруде жаңартылған мазмұнға көшудің басты мақсаты адам капиталының, оның денсаулығы мен білімін дамытуға арналған.

Кітаптың жазылған тілін айтып кету керек. Оның жазуы салмақты, әрі түсінікті, сабырлы әрі эмоциалы, дәлелді және кішкене әзіл қосылған, болған бір келеңсіз жағдайды қосып жазғаны кітапты одан да қызықты етеді. Кітапты оқу әрі қабылдау оңай және жеңіл. Мезгіл – мезгіл кітаптың мәтіні «жанды» болады, яғни естеліктерге, әңгімелерге, бағаларға, ойлар мен эмоцияларға толы.

Бұл кітаптың тарихи, тәрбиелік, паториттық маңыздылығына орай біздің Тәуелсіздігіміздің энциклопедиясы деп атап кетті.

Мемлекетіміздің құрылуы кезеңін оқу мен түсіну үшін жанды кітап.

Президенттің өзі: «Бұл кітап біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстанның алғашқы онжылдықтардағы даңқты тарихын білуге және түсінуге, елімізді мақтан етіп, ел болашағын жасайтын жасампаздар қатарына қосылуға көмектесетініне сенімдімін» деп жазған.

 

Бакуменко С.В.,

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ,

қоғаммен және басылым қызметімен байланыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы