Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жаңа бастама - жаңа ұстаным

15.04.2015 pdf_icon 1049 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ -ның базасында  «Деңгейлік бағдарламалар» орталығының  жұмыс жоспарына сай, сәуір айының 2-3 күндері  шығармашыл, талантты және кәсіби құзыреттілік деңгейі жоғары мұғалімдерді айқындау, оларға қолдау көрсетіп, ынталандыру мақсатында облыстық «Жаңа бастама,  жаңа ұстаным» байқауы  өткізілді. 

         Байқауға облыс мектептерінің Үшінші (базалық) деңгей біліктілік арттыру курсының сертификатталған мұғалімдері қатысты.

Байқау мектепішілік, аудандық,қалалық және облыстық болып үш кезеңмен өтті. Облыстық байқауға аудандық,қалалық байқаудың  жеңімпаздары қатысты. Облыстық  байқау талаптары  4 шарттан тұрды:

Байқауға қатысушының тұсаукесері.

 

Байқауға қатысушы өзі таңдап алған тақырыптағы орта мерзімді жоспарын ұсынып, оны қорғау.

Бір сабақта қолданылған әдістің тиімділігін дәлелдеу.

"Эссе жазу" шығармашылық тапсырмалары болды.

 

Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені Прназарова Альфия- Шымкент қаласы, Т. Рысқұлов атындағы № 25 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі иеленсе, I орынды Ақжолова Назым - Қазығұрт ауданы, Елшібек батыр атындағы мектеп- лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі жеңіп алды. 

 

Төлеби, Отырар, Сайрам, Арыс, Мақтарал аудандарының мұғалімдері де жүлделі орындарды  иеленді. Жүлделі орындардан кейін, мұғалімдерді ынталандыру мақсатында «Шығармашыл ұстаз»,  «Ізденімпаз ұстаз» номинацияларымен және алғыс хаттармен  марапаттады.