Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі

15.05.2018 pdf_icon 71 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 14 мамырынан бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ-да Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін біліктілікті арттыру курсы басталды. Курс жұмысын педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Арзиева Алия Тохтамысовна жүргізеді. Курстың мақсаты «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасын жаңарту тұрғысында орыс тілі мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру және критериалдық бағалау жүйесін енгізу болып табылады.

Ұсынылып отырған бұл курста жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі аспектілері, сабақты жоспарлау және жүргізу, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша ОӘК пайдалану, критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша мұғалімдерге көмек көрсету ресурстары жөнінде ақпараттар беріледі.

Оқу процесінде тыңдаушылар қазіргі заманғы технологиялармен оқытудағы педагогикалық құзыреттілік туралы түйсініп, бір жағынан, оқытушының оқушыға әсері және басқа да оқыту нысандары мен тәсілдерінің жиынтығы туралы ақпарат алады. Мұғалімдердің оқуға деген шығармашылық қарым-қатынасын дамытуды ынталандыруға бағытталған шара мұғалімнің кәсіби қызығушылығы, оқушылармен бірге ойлауға ынта қоюы, қызықты проблемалардағы ізденіс, тәуелсіз ойлау көріністерін қамтиды. Мұғалімдер қызметін бағалау нақты дағдылар бөлінісінде, пәнді оқытудың қажетті процесінде жүзеге асырылатын болады.

Курс соңынан оқуды табысты аяқтаған оқытушыларға сертификаттар табыс етіледі.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі