Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

CLIL: физика, химия, биология, информатика мұғалімдеріне арналған семинар

15.05.2018 pdf_icon 12 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Үштілді білім беруді жүзеге асыру орта мектепте жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды көздейді. Физика, химия, биология, информатика мұғалімдерін шетел тілінде оқыту әдістемесін меңгеруге дайындық жасау мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ Қарағанды қ. пән мұғалімдеріне арналған «Пәнді және тілді кіріктіріп оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинардың мазмұны пән мен тілді кіріктіре оқыту (CLIL) туралы пән мұғалімдерінің жүйелі түсінігін қалыптастыруға бағытталған.

Семинарды директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, CLIL әдістемесінің тренері Жетпісбаева Мейрамгүл Асылбековна өткізді.

Семинар барысында CLIL негізгі элементтері мен түйінді қағидаттары, басты әдістемелік ерекшеліктері, CLIL кезіндегі бағалаудың жолдары қарастырылды. Ағылшын тілінде пәнді немесе факультатив сабақтарды өткізіп жүрген мұғалімдер өздерінің педагогикалық тәжірибесіне өзіндік талдау жасады. Сонымен қатар педагогтар сыныптағы оқушылардың ағылшын тілін әртүрлі деңгейде меңгеруіне байланысты, оқу-әдістемелік ресурстардың жетіспеушілігіне қатысты туындаған қиындықтарды бірлесіп талқылауға, оны шешудің жолдарын анықтауға мүмкіндік алды.

Семинар барысында мұғалімдерге CLIL бойынша сабақ құрылымын жоспарлау және ағылшын тілін қолданудың теңгерімдік мүмкіндіктері, тілдік мақсаттарды тұжырымдау, оқушыларға тілдік қолдау көрсету, көрнекіліктерді және түпнұсқа материалдарды пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныстар берілді.

Бұл семинар   Институттың 70 жылдығын тойлау қарсаңында аймақтың әдістемелік кабинеттеріне арналған Қарағанды БАИ-ның меценаттық білім беру гранты аясында ұйымдастырылған 6 семинарының бірі болып табылады.

Семинар материалдары http://orleu-krg.kz/ сайттың «Семинар» қосымша бетінде орналасқан.

 

Жетписбаева М.А.,

директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к.