Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Қазіргі заманғы білім беру трендтері

16.05.2018 pdf_icon 138 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылғы 15 мамырда Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында «Оңтүстік Корея тәжірибесі тұрғысынан қазіргі заманғы білім беру трендтері» атты халықаралық семинар өткізілді. Семинарда «Өрлеу» БАҰО» АҚ басшылығының шақыруымен келген техника ғылымдарының докторы КАІЅТ Институтының (Корей озық технологиялар Институты) профессоры Оңтүстік Кореяның ең көрнекті 100 адам тізіміне есімі енгізілген, Оңтүстік Кореяның болашағы Мемлекеттік Білім беру Стратегиясының авторы және 2015 жылдан бастап Мемлекеттік Стратегия әзірлеу бойынша комиссия Төрағасы Уон Дон Ен мырзаның баяндамасы тыңдалды.

Семинар жұмысына Алматы қаласындағы Колледждер Қауымдастығының Президенті Азизханов Жонтлеу Нуршаевич, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Садвакасова Раиса  Аждаровна, институттың профессорлық-оқытушылар құрамы мен Алматы қаласының 100-ден астам мұғалімдері қатысты.

Семинар жұмысын ашқан Р.А.Садвакасова институт қызметінің басты бағыттары мен келешектегі даму жоспарлары туралы баяндап, тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік жасаған профессор Уон Дон Ен мырзаға және Алматы қаласындағы Колледждер Қауымдастығының Президенті Азизханов Жонтлеу Нуршаевичқа әріптестік қатынастағы табысты еңбегі үшін алғыс білдірді.

Бұдан кейін сөз алған Ж. Н. Азизханов Қауымдастықтың білім беру ісін дамытуда жасап жатқан істеріне тоқтала келіп, профессор Уон Дон Ен мырзамен басталған қарым-қатынас тарихын әңгімелеп берді. Сондай-ақ ол өз сөзінде педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институтымен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниет білдірді.

Сөз кезегінде профессор Уон Дон Ен «Рецептивті бес өлшемді білім беру» теориясының маңыздылығы мен мәні туралы қысқаша баяндады. Рецептивті бес өлшемді білім беру ерекшелігі, ол балалардың креативті, интегративті, жаһандық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді, дүниетаным дұрыстығы мен баланың жеке басын жан-жақты дамытады. Бұл теорияның мәні және оның сәтті дамуы үшін балалардың қабілеттерін және тұтас тұлғасын қалыптастыруда (рецептивті мүмкіндіктер) оларды бес бағытта өсіру керек: зияткерлік күш, ментальді күш, дене күші, өзін-өзі басқару және адамдармен қарым-қатынас. Оңтүстік Кореядағы үлгерімі нашар оқушыларға қолданған білім беру апробациясының нәтижесі әйгілі зерттеушінің ғылыми дәлелдерінің дұрыстығын айқындайды. Профессор Уон Дон Ен мырзаның баяндамасын қатысушылар қызығушылықпен тыңдады.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі