Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Сауаттылығымызды тексереміз

22.04.2015 pdf_icon 839 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 ж.18.04-те Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ПҚ БАИ оқытушылары серіктес ретінде «Жаппай диктант 2015» халықаралық білім беру акциясын өткізуге қатысты.

Жаппай диктанттың мақсаты – адамдарға өз сауаттылығын тексеруге мүмкіндік беру, өзінің қаншалықты сауатты екендігі жайлы ойлану, сауаттылығын арттыруға дағдыландыру.

 Жаппай диктант 2015 жобасының міндеттері:

• БАҚ пен қоғамның назарын сауаттылық мәселесіне аударту;

• ерікті диктант барысында өзінің сауаттылығын тексеруге тілек білдіргендерге мүмкіндік беру;

• «бес минуттық ликбез» және қателерді талдау арқылы  қатысушылардың сауаттылық деңгейін арттыру; 

• тілдік дағдыларды меңгерудің мәртебесін арттыру, сауаттылыққа деген сәнді тарату.

 

Жаппай диктанттың ұраны: «Сауатты жазу – сән!»

2015 жылы Жаппай диктантқа қатысушыларға ресейлік әдебиеттанушы және жазушы Евгений Водолазкиннің мәтіндері ұсынылды. Филология ғылымдарының докторы, «Мүлдем басқа уақыт» кітабының авторы, «Үлкен кітап» сыйлығының иегері. Ол сыйлықты «Лавр» романы үшін алды. Одан басқа, Водолазкинің қоржынында – «Ашық алаңқай» әдеби сыйлығы мен жыл сайын қиялшыл-жазушыларға берілетін «Портал» конвентінің сыйлығы бар. 

 

Биылғы жылы Жаппай диктант қорытындылары бойынша аймақтық ұйымдастыру комитеті үздіктердің дәстүрлі дипломдарына қосымша мынадай номинацияларды тағайындады:

 •   Жаппай диктанттың екі мәрте Үздігі 

•   Орфография білгірі (1-2 пунктуациялық қате)

•   Үлгілі жазу 

•   Сауатты отбасы (отбасының оң баға алған әртүрлі жастағы екіден астам қатысушысы)

•   Тату отбасы (бір отбасынан шыққан ЖД ең көп қатысушылар саны)

•   Жаппай диктанттың қариясы 

•   ЖД ең жас қатысушысы 

•   Ерекше құпия сөз 

•   Ең ақылға сыймайтын қате 

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ баспасөз орталығы