Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Ынтымақтастық меморандумы

05.06.2018 pdf_icon 90 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылғы 4 маусым күні «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Өрлеу» БАҰО» АҚ (Қазақстан Республикасы) Басқарма төрағасы Ахметова Гульнас Кенжетайқызы және М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы) үздіксіз кәсіби білім беру институтының директоры, п.ғ.д., пс.ғ.к. Чоросова Ольга Марковна арасында ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі болып өтті.

Кәсіби байланыстарды нығайту ынтымақтасушы жақтардың бірегей шешімдерін қарастыруда әріптестік бағдарламалар жасау саласындағы мүмкіндіктерін арттырып, екі ұйымның да бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асыруға, білім беру саласында тәжірибе алмасу және бірлескен іс-шаралар өткізуге, оқулық және мерзімді басылымдармен алмасуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері Ресей делегациясына экскурсия жасауды ұсынып, соның арқасында олар «Өрлеу «БАҰО» АҚ қызметімен жалпылай және Алматы филиалының қызметімен нақтырақ таныстырылды. Экскурсия кезінде олар ресейлік әріптестерімен «Робототехника», «М. Монтессори, «СLIL» кабинеттерін аралап, Ақпараттық-коммуникациялық орталықтың жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ қонақтар Қазақстан педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінің тарихы мұражайында, Мультимедиялық лабораторияда болып, білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ мектептерінде «Орыс тілі және әдебиеті» пәнін оқыту бағдарламасы бойынша жүргізілетін курс сабақтарына қатысты.

М.К.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды мемлекеттік университеті үздіксіз кәсіби білім беру институтының директоры Чоросова Ольга Марковна және оның әріптестері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұсынған идеялар мен технологиялардың прогрессивті сипатын атай отырып, институттың бүгінгі таңда атқарып отырған қызметіне жоғары баға берді.

Аталған шара педагогтардың біліктілігін арттыру саласында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың табысты жүзеге асырылып отырғанының куәсіндей ерекше ықыласпен өткізілді. Мұның өзі болашақта ынтымақтастықтың перспективалық сипатын аша отырып, жаңа кәсіби өсу мүмкіндігіне жетелейтіні, жаңа идеялар тудыратыны сөзсіз.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі