Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАР ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ!

06.06.2018 pdf_icon 20 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 28-29 мамыры мен 1 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры С.Д. Муканова «Өрлеу» күндері аясында Солтүстік Қазақстан облысының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Институтында болды. Өткізілу бойынша ауқымды бағдарлама ұсынылды. Ең бастысы – облыстық «WORKSHOP TIME» «Тәлімгерлік педагогтің кәсіби дамуының факторы ретінде».

Әлеуметтік серіктестер қатысқан іс-шаралар ерекше қызығушылық танытты – Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын оқығаннан кейінгі туған ойлардан жинақталған  «Біздің таңдау жол және тағдыр ...» 80 эссе мен очерктер жинағын таныстыру.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ұсынылған «Өрлеумен биік асуларға» фотокөрмесі Институттың 3 жұмыс бағытын көрсетті: педагогтың біліктілігін арттыру мен кәсіби дамыту, филиалдың халықаралық серіктестігі, сонымен қатар филиалдың әлеуметтік-мәдени қызметі.

30 мамыр күні Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты қабылдады. Институттың жайлы кабинеттері, оқу аудиториялары, махаббатпен безендірілген дәліздері ұжымның өз мәртебелерін бағалайтындықтарын, сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби дамуына үлес қосу миссияларын жоғары атқаратындықтарын дәлелдеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары филиалдары арасындағы кәсіби байланыс дамудың жаңа сатысына айналатынына  сенеміз.

Қарағанды біліктілікті арттыру Институты құрметті қонақтарды – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасын – 2018 жылдың 22-24 қазанында кеншілер астанасында қарсы алуға эстафетаны қабылдады.

Педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша инновациялық тәжірибелермен бөлісуге дайынбыз.

 

Қоғаммен байланыс және баспа бөлімі