Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны

06.06.2018 pdf_icon 140 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» Ақкөл ауданының жалпы білім беру мектеп педагогтары үшін «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында  курс өткізді. Курстың негізгі мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алуына тең қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы білім беру шарттарын ұйымдастыру мен құруда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Тыңдаушылар курстық  дайындық  шеңберінде инклюзивті білім беруге тән негізгі құндылықтар және пікірлермен, Қазақстанда инклюзивті білім берудің даму үрдісімен, шетелдік білім беру мен тәрбиелеу тәжірибесімен танысты.

Курс бағдарламасы интеграция мәнмәтінінде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқу заңдылығы және білім беру жағдайына, қазіргі әлеуметтік-мәдениеттілік білімін жүйелеу мен кәсіби өсуіне ықпал етті. Сонымен қатар тыңдаушылар жеке білім беру бағдарламасын құру талаптарымен, түзете-дамыта оқытумен, психологиялық-педагогикалық қолдау технологияларымен, мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру үрдісіне қосудың  вариативтік формаларымен және қазіргі ұйымдастырушылық негіздерімен танысты.

Курстың шеңберінде «Білім беру кеңістігінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қамту үшін кедергісіз орта құру» тақырыбында конференция өтті. Аталған конференцияда тыңдаушылар жалпы білім беретін мектептерде кедергісіз ортаны құру, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс тәжірибесімен алмасу, жалпы білім беретін мектеп жағдайында кедергісіз орта құру бойынша баяндама, жобаларын ұсыну мүмкіндігіне ие болды.

Курстың соңында тыңдаушылар сабақтың қысқа мерзімді жоспарын құрып, қорғады. Қорғау кезінде тыңдаушылар оқу үрдісінде алған білімдері мен дағдыларын көрсете алды.

 

А.Н. Курмашева,

ИДӘҚ ИДӘҚ ету бөлімінің бас маманы