Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Астана: «StartupBolashak - Менің арманым» жастар бизнес-жобалары

08.06.2018 pdf_icon 31 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 8 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Л.А. Саинова Тәуелсіздік сарайында өтетін «StartupBolashak - Менің арманым» жастар бизнес-жобалары Ұлтық байқауының (ширек финал) ашылу салтанатына қатысып, жюри құрамына кірді. Байқаудың ұйымдастырушылары - ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Болашақ» қауымдастығы және «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігі. Бұл шара 8, 9 және 10 маусым күндері өтіп, жюри мүшелері жартылай финалға жолдама алатын 100 мықты жобаны таңдап алады. Аталған шараны ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев ашып, құттықтау сөз арнады. Шараға парламент депутаттары, ірі холдинг, агенттік директорлары мен түрлі орталықтардың жетекшілері қатысты.

Үш күннің ішінде жартылай финалға іріктеліп алынған ең мықты 100 қатысушы 2018 жылдың шілде айында «StartupBolashak - Менің арманым» жазғы кубогы шеңберінде финалға жолдама алу үшін өзара бақ сынасады. Соның тек 50-і ғана «Менің арманым» телевизиялық шоуына қатысады. Бұл кезең стартаптар аукционы ретінде өтпек. Жоба авторлары инвесторлар мен бизнес-періштелерді, Қазақстандағы ірі венчурлық компания өкілдеріне өз жобаларының артықшылықтарын дәлелдеп беруі тиіс. Байқау аяқталған соң аймақтардағы кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту орталықтарында 16 аймақтағы жұмысты қорытындылауға арналған «Аймақтық Demo Day» өтеді.