Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Білім берудегі бәсекеге қабілеттілік жолы

12.06.2018 pdf_icon 44 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспары бойынша 2018 жылдың 21 мамыры мен 15 маусымы аралығында жаңартылған білім беру мазмұны аясында орыс тілдегі мектептердің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.

Аталған курстарда ұстаздар жаңартылған білім беру мазмұнын тереңінен зерттеп, ықшамсабақтар жүргізуге қатысып, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқытудың тиімді форма және әдістерін қолданып, талдау жұмыстарына араласты.Курс барысында тыңдаушылар ықшамсабақтарда жоспарланған тапсырмалардың оқу мақсаттарына бағытталғанын түсінді.

Біліктілікті арттыру курстарында педагогтердің жұмыстары туралы және оқытудағы жағдайларды білу мақсатында аймақтық «Қазақстан – Көкшетау» телерадиокомпания журналистері курс тренерлерінен және оқудағы мұғалімдерден сұхбат алды.

Осы арада журналистер тренерлер Ж.К.Жамантаеваға және Б.С.Сүйіндіковаға сұрақтар қойды:

  • Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мұғалімдерді дайындау жұмыстары қалай жүргізілуде?
  • Курсқа шалғай аудандардың мұғалімдері қалай қатысады?
  • Мұғалімдерді оқытуға қандай жағдайлар жасалуда?

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері берілген сұрақтарға толымды түрде жауаптарын берді.

Сұхбатқа курс тыңдаушылары да қатысты: Қ.М.Жағалбаева, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Целиноград ауданы қосшы № 2 ОМ; П.М.Кинсминавичус орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Шортанды ауданы, Новокубановка ОМ.

 

Б.С. Суюндыкова,

ЖҒ(Г) ПОӘ және ИТ кафедрасының аға оқытушысы