
ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 1-тарау 48-бап 1-тармағы
"Өрлеу" БАҰО АҚ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 232 қаулысымен құрылды. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт пен 16 облыстық және Астана, Алматы қалалық біліктілікті арттыру институттары Ұлттық орталықтың филиалдары ретінде анықталды...
«Өрлеу» БАҰО АҚ басты қызметі - әлемдік және қазақстандық озық тәжірибені енгізу негізінде жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагог кадрлар біліктілігін жүйелі түрде арттыру.
«Өрлеу» БАҰО АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі педагогтар біліктілігін арттыратын әлемдік жетекші білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста.
«Өрлеу» БАҰО АҚ жыл сайын түрлі деңгейдегі 73,3 мың педагог қызметкерлер біліктілігін арттыруды жүзеге асыруда.
«Өрлеу» БАҰО АҚ біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі аясында Қазақстан Республикасында білім сапасын көтеруді қамтамасыз ететін білім берудің жаңа философиясы мен қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларын енгізу қолға алынған.
ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 1-тарау 48-бап 1-тармағы
"Өрлеу" БАҰО АҚ
Жаңа заман талабына сай білім және ғылым саласында үлкен өзгерістер болып жатырғаны баршамызға мәлім. Білім беру әдіс-тәсілдері де мазмұны да түбегейлі өзгерді.
2013 жылдың қыркүйек айынан бастап, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ мекемесінде Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтадым. Тренерім- Матенова Дәмеш апай бізді Кембридж бағдарламасының білім нәрімен сусындатты.Сол мезеттен бастап, АКТ-ны меңгеріп, кәсіби деңгейімді өсірумен айналыстым. Яғни, «жоғарғы деңгейлі маман болуым да осы «Өрлеу» АҚ филиалының арқасы» деп мүдірместен жауап бере аламын. Осы курстан шабыттанып, жұмысыма басқаша көзқараспен қарай бастадым. Ізденушілігім, білімге деген қызығушылығым артты. Арада екі жыл өткесін Маңғыстау облысы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының Акционерлік қоғамының филиалы «Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кеңесінің 29 желтоқсанындағы №313 шешімімен «Бастауыш сыныптарда тәрбие жұмыстарын жаңа тәсілдер арқылы ұйымдастырудың жолдары» деген тақырыппен әдістемелік кітапшам бекітілді. Сол жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының №149 бұйрығына сәйкес жоғары санатқа өттім.
«Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» тақырыбында жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсын оқып алдым. Мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, курс тренері Гульнар Сәрсенгалиева Жулановнаның да маған көп пайдалы дәріс бергендігінің дәлелі төмендегідей жетістіктерге жеткеніме куә бола алады.
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңінде, биология, химия секциясы бойынша ІІI дәрежелі дипломмен 3-сынып оқушысы Мадиева Мерей, Қазақстан Республикасы Астана қаласы Бастауыш сынып оқушыларына арналған пән олимпиадасында математика пәнінен ІІ дәрежелі диплоды Жұмабаев Ерасыл иеленді.
Өзім «ZIAT»Ғылыми-әдістемелік орталығы II Республикалық педагогтардың «Ұлағатты ұстаз» конкурсында «Сынып сағаты» номинациясында ІІІ орынға, «Педагогтың таңдаулы портфолиосы» атты Республикалық оқытушылар сайысында ІІ орынға ие болғаным үшін арнайы Астана қаласы оқыту және дамыту орталығының республикалық www.bilimnur.rz басылымы ұйымдастырған шығармашылық конкурста «Үздік педагог» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен, «Үздік педагог» төсбелгісімен, Bilimland сайтының ұйымдастыруымен «Жаңашыл мұғалім-2018» байқауның финалына өткенім үшін Алғыс хатпен, Қазақстан Республикасы Астана қаласы Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығының және республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газеті мен bilimainasy.kz сайтының шығармашылық үрдісіне атсалысқаным үшін Мақтау қағаздарымен марапатталдым. Міне, осы марапаттарымның барлығы да институт өткізген біліктілік арттыру курстарының нәтижесі екенін көрсетеді. «Мұғалім үнемі ізденісте, өзінің білімін жетілдіргенде ғана –мұғалім» деген сөз бекерге айтылмаса керек. Біліктілік арттыру курстарынан өту бес жылда бір рет болса болады деген пікірлерге өз басым қосылмаймын. Бес жылда білім беру саласына қаншама өзгерістер мен жаңалықтар еніп жатады. Ал олардан хабардар болу тек қана осындай жұмыстардың, курстардың арқасы.