Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

АСТАНА КҮНІНДЕ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АЛҒЫС ХАТТАРМЕН МАРАПАТТАДЫ

05.07.2018 pdf_icon 57 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Астана күнін тойлау қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеңейтілген аппараттық жиын өткізілді.

Отырыстың қатысушылары Қазақстанның астанасы мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси табыстарын көрсететін мақтанышпен жеткізді, одан әрі өркендеп, келешегі кемелдене түсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатынына сенімдерін білдірді.

Қазақстан Республикасы Президенті, «Нұр Отан» партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық курсына белсене қатысқаны үшін және Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімі Т.Н. Шатохинаның алғыс хатымен институт директоры С.Д. Муканова марапатталды.

Қазыбек би аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрайымы А.Х. Бектурованың алғыс хаттарымен институт қызметкерлері И.С.Бучина, М.П.Кушнир, С.Б., Мукушева, З.А.Калижанова, А.А. Разбеков марапатталды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды филиалының бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» партиясы бастамасымен ұйымдастырылатын іс-шараларға белсенді қатысады.