Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Бірегей жоба

05.07.2018 pdf_icon 107 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 ж. 21 маусымда №152 мектеп-гимназияның технология (робототехника) пәнінің мұғалімі Ахметов Бегалы Токбергенұлы екі оқушысымен робототехника бойынша «KazRoboProject-2018» республикалық ғылыми-техникалық жоба конкурсына қатысты. Конкурсқа зағип жандарға арналған «Робокөмекші» жобасы ұсынылды. Бұл жобаның негізгі құндылығы мүмкіндігі шектеулі адамдар өзінің қауіпсіздігін сақтай отырып, күнделікті өмір, тұрмыс-тіршілігіне қажетті шаруаларын өзі реттей алатын жол қатынасы проблемаларын шеше алады. Конкурсқа ұсынылған жоба әділқазылар тарапынан жоғары бағаланып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Айта кету керек, «Робокөмекші» жобасына «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ ерекше қызығушылық танытып отыр.

Робо-арбаның тарихы 2017 ж. 30-қазанда физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Робототехника негіздері» деп аталатын біліктілікті арттыру курсында басталған болатын. Курстың ұйымдастырушысы, әрі тренері, «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету» кафедрасының меңгерушісі Қайсар Көпжасарұлы Нурлыбаев оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастыруда пән мұғалімдеріне пәнаралық байланыстың маңыздылығы туралы үйретті. Сонымен қатар тренер курс тыңдаушыларына нақты ғылымдарды зерттеу барысында мүмкіндігінше практикалық бағытта жұмыс жасау идеясын ұсынып, өзі құрастырған роботтарды көрсете отырып олардың жаңашылдыққа құлшыныстарын арттырды. Курс соңында пән мұғалімі Б.Т.Ахметов пен ғылыми жетекші К.К.Нурлыбаевтың басқаруымен «Робо-арба» жобасы құрастырылды.

Жобаның барлық қатысушыларына сәттілік тілей отырып, жаңа шығармашылық идеяларын жүзеге асыруда жеңістің төрінен көрінсін демекпіз.