Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

СҚО: жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жандандыру

09.07.2018 pdf_icon 54 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ алғаш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы және «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы арасындағы шарт бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының әлеуеті және оқу-материалдық базасын пайдаланумен орта білім беру ұйымдарының БӘД пәнінің оқытушылары-ұйымдастырушыларының «Бастапқы әскери және технологиялық даярлық» пәнінің инновациялық тәсілдер мен оқыту әдістемелері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

   Солтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 24 БӘД пәнінің оқытушылары-ұйымдастырушылары оқытылды.

   Бұл курстар жалпы білім беретін мектептерде бастапқы әскери-техникалық білім беруді оқыту әдістерін жетілдіру, жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру жолдарын қарастырды.

   Тыңдаушылар СҚМУ әскери кафедрасының оқу-материалдық базасымен таныстырылды. Профессорлық-оқытушы құрамы әлеуетімен оқу үдерісінде интерактивті лазерлік атудан тұратын автономды электронды тренажерларды пайдалану және қорғауды ұйымдастыру практикалық дағдыларды үйренді. Электрондық тирдің автомат және тапаншасынан ату бойынша жаттығулар жасады. Тыңдаушылар әскери кафедраның меңгерушісі Ш.Әбжапбаровке алғысын білдірді.

    Оқытудың қазіргі заманғы әдістері туралы әскери мәселелер, робототехника және ақпараттық технологиялар тұжырымдамалық негіздері қаралды. Сабақтар тәжірибелік режимде өтті, тыңдаушылар белсенді жұмыс жасап, өздерінің жұмыс жобаларын дайындап, қорғап шықты. Курс аяқталғаннан кейін тыңдыушылар біліктіліктерін арттыру мүмкіндігі үшін «Өрлеу» филиалына алғыстарын білдірді.