Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Жаңа оқу жылына дайындық

07.08.2018 pdf_icon 20 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жыл 2-тамызда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ «Қазақстан Республикасында орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында қысқа мерзімді жоспар жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы дөңгелек үстел жиынын Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, тренер Ж.Н.Қыстаубаева ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты курстан кейінгі қолдау және әдістемелік көмек көрсету арқылы білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Іс-шараға Институт директорының м.а., п.ғ.к., доцент Халитова И.И. қатысып, жиынға қатысушыларды «Мұғалімдер үйінің» жұмысымен жан-жақты таныстырып, тамыз, қыркүйек айларында өткізілетін іс-шара барысы (видеосабақтар дайындау, т.б.) атап өтті.  Институттың қала мектептерімен қарым-қатынасы туралы баяндады.

Кыстаубаева Ж.Н. мұғалімдердің қысқа мерзімді жоспар жасауда шығармашылық қызметін жүзеге асыруға оңтайлы жағдай жасау жолдарына тоқталды. Ақпараттық технология бөлімінің  бас маманы Волынкин И.А. оқу барысында моноблоктарды қолдану бойынша тәжірибелік көмек көрсетті. Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің  қызметкері Мурадова И.В. мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға қатысушылардың ыстық лебіз, ізгі пікірінің куәсі болды. Дөңгелек үстел барысында оқу-тәрбие жұмысы бойынша маңызды мәселелер талқыланып, жаңа оқу жылының нормативтік құжаттары берілді.

Іс-шара соңында жиынға қатысушылар Қазақстан педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінің тарихы мұражайында болды. Мұражай директоры Данилов Д.А. біліктілікті арттыру шежіресімен таныстырды.