Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Ақтөбе-Өрлеу: кітапхана қызмет көрсету аясын кеңейтті

07.08.2018 pdf_icon 15 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

31 шілдеде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының ақпараттық орталығы Абай даңғылындағы аллеяда қала тұрғындары мен қонақтарына жаздың әсем күндерін сүйікті кітаптарымен бірге өткізу мақсатында көрме ұйымдастырды.

        Көрменің мақсаты – оқырмандарды кітап оқуға тарту,  кітап оқуға қызығушылығы төмен және  кітап сатып алмайтындарға кітапты насихаттау, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру. Көрмеге  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ғылыми, көпшілік-танымдық, көркем әдебиеттер, QR-коды бар көркем әдебиеттер қойылды. Полиграфиялық безендірілуі жоғары, суретті басылымдар мен жаңа кітаптарға балалар мен ересек адамдар ерекше қызығушылық танытты. Оқырмандар айрықша көңілмен кітаптарды оқып, беттерін парақтай отырып,  кітапханадан қалай алып оқу талаптары жөнінде сұрақ-жауап алды.

        Мұндай ашық аспан астындағы кітап оқу шаралары адамдардың кітап оқуға назарын арттырып, бос уақыттарын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.