Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Сайысқа қатысушының әдістемелік мектебі. «Мәтінмен жұмыс кезінде оқушылардың коммуникативтік біліктерін дамыту амалдары» шеберлік сабағы

10.08.2018 pdf_icon 62 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

    «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБА инстиутында  «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық Сайыстың облыстық кезеңін өткізуге дайындау шеңберінде облыс мұғалімдері үшін шеберлік сабағы болды.    Оны қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бас маманы, PISA, PIRLS тренері –Руколеева Лариса Васильевна өткізді.                    

     Коммуникативтік біліктер- бұл- білім берудің нәтижесі ретіндегі функционалдық сауаттылық құрамдарының бірі. Сондықтан мұғалім коммуникативтік құзыреттіліктерді дамыту үшін стратегиялардың тұтас спектрін меңгеруі қажет.

           Шеберлік сабағының мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларының коммуникативтік біліктерін дамыту бойынша әдістемелік тәжірибемен бөлісу

    Шеберлік сабағының міндеттері:

  •  оқушыларды коммуникативтік әрекетке енгізудің амалдарын қолдану бойынша шеберлік сабағына қатысушыларды бірлескен іс-әрекетке тарту;
  • шеберлік сабағына қатысушылардың өз кәсіби тәжірибесіне рефлексия жасауы.

Шеберлік сабағына қатысушылар оқушыларды ұжымдық әрекетке қосудың: «Жұбыңды тап», «Мағыналық нюанс», «Фрейер моделі», «Кілттер мен байланыс түйіндері», «Осыған дейін және осыдан кейін» тағы басқа және сонымен бірге «Мәтін мозаикасы» тәрізді  кейбір амалдарды қолдануды меңгерді.